Аймақтар • 08 Мамыр, 2017

Павлодарда жаңа үйлер бой көтеруде

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарынша, биыл өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Шаңырақ 14» және «Projekt City Group» ЖШС-тары биыл көп қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде.

Павлодарда жаңа үйлер бой көтеруде

Облыс орталығындағы өз қаражаттарына салып жатқан Кутузов көшесі 223 үйден "Шаңырақ"; ЖШС- тұрғындарға 144 пәтер кілттерін бермекші. Сондай-ақ,«Projekt City Group» ЖШС маусым айында Суворов көшесінде 360 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Екібастұзда Энергетиктер көшесінде 80 пәтерлі тұрғын үй, Ақсуда Молодежная, 30 көшесінде де 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша Екібастұзда 72 пәтерлік үй бой көтеруде. Яғни,биыл өңірде барлық қаражат көздері есебінен көлемі 165 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Оның 354 пәтері облыс орталығының тұрғындарына бөлінеді. Ал, қалаға қарасты Кенжекөл ауылында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің барлығы бір үлгіде салынып,құрылысты бір компания жүргізбекші. Қазір бұл жерде жер учаскелерін түгендеу жұмыстары жалғасуда.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар