Аймақтар • Бүгін, 16:36

Қостанай облысының әлеуметтік салаларын дамыту: Үкіметте қандай мәселелер көтерілді?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері талқыланды. Жиынға салалық министрліктердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысының әлеуметтік салаларын дамыту: Үкіметте қандай мәселелер көтерілді?

Өңірдегі денсаулық сақтау саласында туберкулезден болатын өлім-жітімнің 7,1%-ға төмендеген. Алайда шешімімін күткен мәселелер де бар. Атап айтсақ, скринингтік тексерулердің сапасын арттыру және интервенциялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдау қажет.

Білім беру саласындағы басты жетістік ретінде дуальды оқыту жүйесінің 30 колледжде 593 кәсіпорынның қатысуымен сәтті енгізілуі аталды. Сонымен қатар мектептерде цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде қолданылып келеді. Сондай-ақ арнайы педагог кадрларының тапшылығын жоюға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр.

Қостанайда 2,2 млрд теңгеге салынған жаңа мектептің шатыры опырылып түсті

Айта кетейік, соңғы үш жылда облыста студенттер саны 15,3%-ға өскен. Халықаралық қос дипломды білім беру бағдарламалары кеңейіп, кадрларды практикаға бейімдеп даярлау жұмыстары да күшейтілген. KIA компаниясымен ынтымақтастық аясында «Автомобиль өнеркәсібінің инжинирингі» бағдарламасы бойынша оқыған 22 студенттің 17-сі бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру деңгейінің төмендігі негізгі түйткілдердің бірі ретінде аталды. Облыс әкімдігіне осы бағытта жұмысты күшейту тапсырылды.

Өңірде бүгінде 580 мәдениет және архив мекемесі жұмыс істейді. Кейінгі үш жылда 31 нысан жөндеуден өтіп, 5 жаңа мәдениет мекемесі салынған. Алайда мәдени инфрақұрылымды жаңғыртуға деген қажеттілік әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?

Қостанай облысының туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері де өзекті. Сондай-ақ инклюзивті спортты дамытуға да ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, кадрлық әлеуетті нығайту және әлеуметтік саланың негізгі бағыттары бойынша кешенді шараларды іске асыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар