Қазақстан • 08 Мамыр, 2017

Астанада Ұлы Отан соғысы кезінде көз жұмған жауынгерлерге тағзым етілді

189 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Астанада Қалалық алаңда 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алудың құрметіне колонна сап түзеп, БТР-80 әскери техникасы көрсетілді.

Астанада Ұлы Отан соғысы кезінде көз жұмған жауынгерлерге тағзым етілді

ҚР Мемлекетік туы мен Астанада құрылған үш дивизияның тулары көтерілді, атап айтқанда 72-ші Гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 310-гы Новгород атқыштар дивизиясы және 387-ші Перекопск атқыштар дивизиясының. Әскери әндер мен марштың сүйемелдеуімен, автоколонна қаланың орталық көшелерімен жүріп, қаланың орталық зиратында тоқтады. Онда ҰОС ардагерлері, ауған соғысына қатысқандар, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымдарының, дін өкілдері, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері және майдангерлердің туған-туыстары қатысты.

Елорданың Мемлекеттік филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Десанттық-шабуыл бригадасының жауынгерлерінен, соғыс ардагерлерінен, қоғам мен жастар өкілдерінен құрылған колонна ескерткішке гүл қойды.

«Даңқ гүл тізбегін» қою салтанатын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ашты.

«Жыл сайын 8 мамырда ескерткіштің жанында жиналып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етеміз. Өкінішке орай жылдан жылға ардагерлеріміз азайып келеді. Олардың әрқайсысы біз үшін қымбат. Біз сіздерді құрмет тұтамыз. Мемлекет басшысының қолдауымен жыл сайын ардагерлер тек Жеңіс күні ғана емес, әрдайым қамқорлық көрсетіліп жүреді. Сіздерге денсулық, бақыт тілйміз, ұзақ жасап, жақындарыңыздың, балаларыңыздың, немерелеріңіздің жетістіктерін көріп, қуанып жүріңіздер», - деді Ермек Аманшаев.

Соғыс жылдары көз жұмған жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды, салют берілді. ҰОС ардагерлері жиналғандарға ағысын білдіріп, өз тілектерін жеткізді.

«Бұл дәстүрге айналды, менің білуімше, 8 мамырда ҰОС жауынгерлерді еске алу құрметіне зиратқа келіп жүргенімізге кемінде отыз жылдай болды. Осы күні біз сұрапыл соғыс жылдары осы жерден кетіп, қаза болған азаматтарымызды еске аламыз. Майданға аттанған әрбір екінші қазақстандық үйіне оралған жоқ. Ұрпағымыз өз өмірін қиып, Жеңіске қол жеткізген ата-бабаларымызды ұмытауы керек. Біз бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Үлкен мемлекет құрып, балаларымызды өсіріп-тәрбиелеудеміз, бұл үлкен бақыт», - деді Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есилов.

Қазіргі кезде елордада 121 ардагер бар. Былтыр олардың саны екі есе артық болған, дейді К обелиску памяти смогли прийти лишь десятки из них. Вместе с тем в столице С. Есілов. Тыл еңбеккерлерінің саны шамамен 4000, олардың барлығы әлеуметтік көмекпен, баспанамен және мемлекеттің қолдауымен қамтамасыз етілді.

Гүл қою салтанаты барысында дін өкілдері құран оқыды. Шара соңында майдангерлер мен шеруге қатысушыларға арналған дастарқан жайылды.