09 Маусым, 2011

Тәуелсіздік сыйы

402 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Облыс орталығының 860 кішкентай тұрғыны Елбасы тап­сыр­масында айтылған мемлекеттік «Ба­лапан» бағдарламасының ар­қа­сын­да осындай жаңа балабақ­шалар есігін ашты. Ата-аналар да қуанышты. Қала әкімі Ба­қыт­жан Жолама­новтың айтуынша, жыл сайын ба­лабақшалардың да са­­ны артып келеді, сонымен қа­тар, кезекте тұрған отбасылардың да қатары көбейіп келеді. Бұл – қала тұрғындарының әлеуметтік жағ­дайы жақсарып, де­могра­фия­лық көр­сеткіштің өскені­нің белгісі. Ал, жалпы биылғы жы­лы об­лыс бой­ынша «Балапан» бағ­дар­ла­­ма­сы ая­сында 20 балабақ­ша, мектептер жа­нынан 100 ша­ғын ор­та­лық пай­да­лануға беріліпті. Жыл басынан бері қала бой­ынша 2 мың­ға тарта бүлдір­шін бақшаға барып, жаңа­дан 300 жұмыс ор­ны ашылып­ты. Ал, Шәкен Айманов ат­ындағы кө­шедегі жа­ңадан ашыл­ған №22 ба­ла­бақша 240 балаға арналған. Мұн­да қа­зақ және ор­ыс тілдерінде тә­лім-тәрбие беретін бірнеше топ бар. Бақша ди­ректоры Ирина Го­луб­­ни­чаяның айтуынша, мұнда қа­ла бойынша туберкулез таяқшасын жұқтыр­ған балалар емделеді. Яғ­ни, ден­саулығы ерекше күтімді қа­жет ететін бүлдіршіндер үшін бар­лық жағдай жасалған. Дене шы­нық­­тыру залы, физио кабинеті мен му­зы­ка залы бар. Қай ба­лабақша бол­масын, заман тала­бына сай жа­ңа құралдармен, жи­һаздармен жаб­дық­талған. Ал, қа­лалық білім бө­лі­мінің хабарына қарағанда, ке­­зінде түрлі мекемелерге өтіп кеткен 8 балабақ­ша­ның ғима­ра­ты қайта­ры­лып, бұл күндері жөн­деу жұмыс­та­ры жүр­гізілуде десек, «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы өз қаржысына жа­ңа балабақша ғи­ма­ратын са­лып, қаланың комму­нал­дық меншігіне табыс етіпті. Бүгінгі таңда облыс орталығында 53 ба­ла­бақша және қаладағы 20 мектеп жанынан аш­ыл­ған шағын орталық­тар бар. Қа­зіргі уақытта осы мекемелерде 5-6 жас шама­сын­дағы 1200 бал­ғын тәрбиеле­нуде. Шағын орта­лық­тардың бар­лығында бала­лар­ға жағдай жасал­ған. Басқа жұ­мыс­тарға кетіп қал­ған тәрбиеші мамандар қазір қайта оралып жат­қан кө­рінеді. Мұндай ма­ман­дардың білім деңгейін арт­тырып, тәжірибе ал­ма­суы үшін арнайы курстар ұйым­дас­тырылып, семинарлар өткізілуде. Бір айта кететін жәйт, облыс орталығында лицензиясы бар 3 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме қызмет көрсетеді. Осы жыл­дың соңына дейін тағы да 2 жеке меншік балабақша рұқсат қағазын алмақ. Ал келер жылы осы атал­ған мекемелер мемлекеттік тап­сы­рыс­қа ие болып, ба­лабақша кезегіндегі он­даған бүл­дір­шіннің өті­ніш­терін орында­мақ­шы. Жеке мен­шік бала­бақ­­ша­ларға оған жақын маңда ор­наласқан мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде кезекте тұр­ған балалар ғана шақырылады. Бірақ олардың мемлекеттік ба­ла­бақ­ша­лар­дағы кезегі сақтала­ды. «Артық­шылығы, жеке меншік балабақ­ша­лар­дың ішінде мемлекеттік тапсы­рыс бойынша қабылданған әр балаға республикалық бюджеттен белгілі бір мөлшерде қаражат бө­лінеді де, қалған шығынын, шамамен 40-50 пайызын ата-анасы тө­лейді. Сондықтан, облыс орталы­ғын­да кезек күтіп тұрған әр ба­лақай есепте. Біздің алдағы жұмыс жоспарларымыз балабақшалар са­нын көбейтіп, әр отбасыға қуаныш сыйлау, – дейді қалалық білім бөлімінің мамандары. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.