Жақында Астананың Суретшілер үйінде суретші Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы» атты жеке көрмесі өтті. Көрменің басты ерекшелігі – онда ілінген отызға жуық картинаның бір ғана Қамбар ата тақырыбына арналуы болды. Осы ерекшелікке байланысты суретшінің өзінен сұрағанымызда ол:
– Осы жолғы көрмені «жылқы» дейтін бір ғана түсінікке арнап, одан мейлінше мол мән мен мағына шығаруға әрекеттендім. Өздеріңіз білесіздер, жылқы малы әуел баста қазақ жерінде үйретілген. Содан бері біздің ел, осы бір қастерлі жануармен жауға шапты, отан қорғады, бәйгеге түсті, қыз қуды. Өмірінің мәніне, тіршілігінің айнымас серігіне айналдырды. Тіпті, қымызын ішті, етін тамақ қылды, терісін киім етті. Сәндеп арғымақ бақты. Оны жабымен қосып, жауға мінер Қазанат алды. Сөйтті де, селекция ғылымының асқар шыңына шықты.
Кейін, жылқы баласы қазақ суретшілерінің үйірсек тақырыбына ұласты. Бүгінгі отызға жуық картинаның жылқыны тақырып еткен әріптестерден басты айырмасы – менің шығармамда жылқының адам деңгейіне көтерілуі. Байқасаңыздар, мен оны ауыздықпен айырып көкпарға салғам жоқ, өкпесін өшіріп аламанға қоспадым. Олар адам секілді қуанды, шаттанды, мұңайды, құлады, аранға түсті, ажал құшты. «Ата-баба осынша жерді найзаның ұшымен қылыштың жүзімен қорғады» деп мақтан қылатын бүгінгі ұрпақтың қаперіне «елді-жерді жылқымен де қорғады, тәуелсіздік мұратына жеткізгеннің бірі де осы Қамбар Ата» дегім келеді. Мына көрме – Қамбар атаға дейтін үлкен құрметтің кішкене бір бөлшегі, өйткені сәйгүлік семантикасы шексіз, – деді.
Иә, айтса айтқандай, мұны көргенде арманда, көрмегенде арманда дегендей, көрмедегі «Квинтэссенция», «Жасырынбақ», «Айтылып бітпеген халық әні», «Бұла», «Жағалауда» сынды картиналары өзінің орындалу үрдісінің, композициялық бітімінің сәтті шығуымен қатар, астарлы ой, философиялық толғамының аса терең екендігімен құнды. Көрермендерді бұл суреттер әсері әсем сезімге бөлеп, қиял шіркінді құстай ұшырды.
Тағы бір тоқтала кететін жайт, көрерменге «Шәкәрімді жоқтау. Отыз екінші жылдың қарсаңы» атты картинаның екінші нұсқамен берілуі болды. Мұнда, осы атаумен осыдан он жылдай бұрын салынған бірінші нұсқадағы картинаның айтар ойы сол күйі сақталып, тек жазу үрдісі мен орындалуы жағынан өзгеріске түсіп, кемелденіп, көлемі жағынан ұлғайып барып көрермен назарына ұсынылған. Сондықтан да суретші Жеңіс Кәкенұлының бұл жолғы көрмесі картиналардың орындалу үрдісімен ерекшеленіп, жұрттың жадында жатталып қалатыны сөзсіз.
Александр ТАСБОЛАТОВ.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27