09 Маусым, 2011

Түлектер тартуы

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Саржал ауылы кешегі Семей атом полигонының нақ іргесіндегі елді мекендердің бірі. Міне, осы ауылдағы орта мектепті 1991 жы­лы бітірген түлектер 20 жылдан кейін өздерінің білім ор­даларында бас қосты. Тәуел­сіз­дік түлектері мектепке құр қол келмей, ауыл­да­ғы білім орда­сы­на «Газель» ав­то­көлігін сыйға тартса, бүгінде Ал­матыда тұра­тын М.Жұмасиянова деген тағы бір өнерпаз түлек мек­тептің оркестр ұжымына 5 дом­бы­раны тарту етті. Мектептің акт за­лы да түлектердің демеушілігімен қайта жабдықталды. Мұның сыртында биыл ме­к­тептің 6 кабинеті түлектер демеушілігімен жабдықталып, жа­сақ­тал­ғанын да айта кетсек, Б.Қана­фин деген мектеп түлегі спорт жабдық­та­рын сатып әпе­руді өз мойнына алып отыр ек­ен. Солай­ша сар­жал­дық түлектер облыс әкі­мінің «Ту­ған жерге тағ­зым» акция­сына осылайша қызу үн қосуда. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Шығыс Қазақстан облысы.