11 Маусым, 2011

Ұйымға мүше мемлекеттер парламентшілері кездесті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәскеу қаласында Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер парламенттерінің қор­ға­ныс және қауіпсіздік жөнін­дегі комитеттері төрағалары­ның кездесуі болып өтті.  Бұл басқосуды Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Қауіпсіздік комитеті ұйымдастырды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мә­жілісінің баспасөз қызметі. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жі­лісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік ко­ми­тетінің төрағасы Ә.­Жол­шы­беков қатысты. Кездесу барысында ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжаның «Әлемдегі жағдайдың өрбу үр­дістері, ҰҚШҰ-ның даму ба­ғыт­тары және ұйымның парламенттік бөлігінің рөлін ны­ғай­ту» туралы баяндамасы тың­дал­ды. Сонымен қатар, отырыс­та Мемлекеттік Думаның Қау­іп­сіздік комитетінің төрағасы және ҰҚШҰ Парламенттік Ас­самблеясының Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Тұрақты ко­миссиясының төрағасы В.Ва­сильев, Ресей Федерациясы Пре­зидентінің халықаралық ынты­мақ­тастық бойынша лаңкес­тік­пен және трансұлттық ұйым­дас­қан қылмыспен күрес жө­нін­дегі арнайы өкілі А.­Са­фо­нов баяндама жасады. Талқылау барысында Қазақ­стан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төр­ағасы кездесуге қатысушы­лар­ды ҰҚШҰ аясындағы Қа­зақстан Республикасы тарапы­нан атқарылып жатқан іс-ша­ра­лармен таныстыра келіп, ҰҚШҰ-ның парламенттік құрам­дас бөлігі – Парламенттік Ассамблея жұмысын жетілдіру туралы пікірін білдірді.