– Құқықтық яғни демократиялық мемлекет құрудың даңғыл жолына түскен қазақ қоғамы, дәл қазір зор өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Әсіресе, құқықтық санадағы сілкініс тұтас құқықтық салаға, соның ішінде нақты Сот жүйесіне жүк артты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың сенімін бекіту үшін сот жүйесінде ашықтықты, сот жұмысында тиімділікті арттыру қажет екенін бірнеше мәрте қадап тұрып айтты. Біз осы міндетті орындау мақсатында, барлық мүмкіндігімізді пайдаланып, жұмысымызды тиісті дәрежеде үйлестіріп отырмыз. Негізінен Астана қаласында жұмыс істеп жатқан судьялардың тәжірибесі, мүмкіндігі жеткілікті деп ойлаймын. Біздің міндет сол мүмкіндікті дұрыс үйлестіріп және уақытылы пайдалану. Бұл ретте, әрине, негізгі бағдар – 2010-2020 жылдар аралығына межеленген Құқықтық саясат тұжырымдамасы. Ол тұжырымдаманың басты мақсаты – Қазақстанның құқықтық-демократиялық қоғамын құру. Демек, бүтін қоғамның, ел азаматтарының сенімін орнатып нығайту және сол сенімді ақтау үшін сот жүйесінде әлі де атқарылар іс аз емес.
– Елордада қызмет істеп жатқан судьялардың тәжірибесі жоғары дедіңіз. Бұл енді әділдік талаптары жағынан сот жұмысының тиімділігін арттыруға үлкен күш екені белгілі. Демек, барлық үкімдер мен шешімдер заңға сәйкес қабылданады деген үміт зор.
– Иә, сот жұмысының тиімділігі қабылданған кез келген шешімнің заңға сай, әділетті және күмәнсіз болғанында ғана артады деп білемін. Одан бөлек, қазір ел бойынша мамандандырылған соттар үздіксіз жасақталу үстінде. Астанада, мамандандырылған төрт сот жұмыс жасайды. Олар: мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот, ауданаралық әкімшілік сот және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот. Жалпы Астана қалалық соттарында 118 судья еңбек етеді, оның 50%-ы әйелдер. Ал қалалық сотта 28 судья бар. Яғни, әрбір іс өзінің мазмұнына, сипатына қарай жаңағы соттарға бағытталады. Ал нақты бір бағытта тәжірибе жинап, тұрақты жұмыс істеп келе жатқан судьяның шешімі де сапалы болатыны айдан анық. Оны өткен жылдар тәжірибесі де көрсетіп отыр. Қорыта айтқанда, жаңағы тиімділікті арттырудың бір жолы, дәл осы сот жүйесіндегі мамандандыру мәселесін соңына дейін жеткізу. Екіншіден, барлық соттардың жұмысында міндетті түрде әрдайым соңғы технология жетістіктерін кеңінен пайдаланып отыру керек, одан мемлекет және халық ұтпаса ұтылмайды, әрі мемлекет қаражаты мен халық уақыты үнемделеді. Орайы келгенде айта кететін тағы да бір үлкен мәселе, ол әр судьяға процессуалдық заңмен реттелген бір көмекшіден бекітіп беру. Оның пайдасы судьяға шектен тыс түсіп жатқан салмақты азайту болса, екіншіден, ол көмекшіні болашақта судья лауазымына дайындау болып табылады. Әрине, бұл тақырып арнайы әңгіме қозғауды қажет етеді.
– Астана қалалық сотында күрделі істер жиі қаралады. Қазіргі күні бұрынғы ірі лауазымды адамдарға байланысты қозғалған қылмыстық істердің қаралуы туралы не айтасыз?
– Әрине, Астана болғандықтан, мұнда биік лауазымда жүріп, жаза басқан тұлғаларға қатысты істер біздің қалалық сотта қаралып жатады. Оңай десек ешкім сенбес те еді, бірақ аса бір керемет қиын деуге де болмас. Өйткені, судья шешімді адамның түріне қарап, оның лауазымына я болмаса басқа да қасиеттерін ескеріп, ойдан шығара салмайды. Тиісті заң талаптары бар, соған сүйеніп, елеп-екшеп, сұрыптап барып кесімін айтады. Ең бастысы шешім – заң шеңберінде, мейлінше туралыққа сай болуы шарт. Сонда ғана қаңқу сөз, дақпыртқа негіз қалмайды. Бұл ұстаным қоғамға танымал адамдарға ғана емес, қарапайым азаматтарға қатысты шешім қабылдайтын кезде де маңызын жоғалтпауы тиіс. Өйткені, кез келген сот шешімінің артында адамның, кейде тіпті, үлкен ұжымның тағдыры тұрады.
– Ол рас, заң салтанат құрған, заңға бағынған елдің ертеңі баянды болмақ. Дегенмен, біз әлі қатерлі кемшілігімізден арылып біткен жоқпыз, жемқорлық жайын меңзеп отырғаным ғой.
– Жемқорлықтың қоғамның дамуына зор кедергі жасайтын үлкен кесел екені рас. Астананың қалалық соты ұжымы, жетекшісі өзім болып бұл мәселеге қатты мән беріп отырмыз. Кез келген жемқорлық сипаттағы іс-қимылды, жалпы заңға томпақ әрекеттің жолын кесуге ұмтыламыз. Бұл ретте оқырмандардың есіне сала кеткім келеді, сенім телефоны жұмыс істейді. Оның сыртында қандайда бір қызметкер «сыйақы» дәметкен ыңғайы болса кез келген азаматтың бізге шағымдануына толық мүмкіндігі бар. Біз ай сайын, тұрақты түрде ашық есік күнін өткіземіз. Мен арыз-шағыммен келген барлық азаматтарды жеке қабылдап, уақытылы жауап берілуін қадағалап отырамын. Сонымен бірге, шағымданушылар біздің веб-сайтқа кіріп, өз мәселелерін тікелей маған жолдаса болады. Тағы бір қосарымыз, ақпараттық-анықтамалық дүңгіршектер бар. Бұл дүңгіршектің қызметіне жүгінген кез келген азамат сот ғимаратына келіп, құжаттардың үлгілерін көруге, мемлекеттік баж салығының мөлшерін, төлеу тәртібін білуге және оны төлеу үшін реквизиттерін алуға, тағайындалған істердің тізімімен танысуға, өзінің талап-арызына сәйкес, істің барысы жөнінде жан- жақты ақпарат алуға құқылы. Ақпараттық-анықтамалық дүңгіршектердің қарапайым азаматтар үшін пайдасы мол. Көп мәселе судьяның өзіне байланысты, яғни жеке басын дұрыс алып жүру, көлденең іске араласпау, бөтен мінез көрсетпеу сияқты. Менің ойымша, ең басты мәселе, әр судья егемен елге деген түпкілікті патриоттық тұрғыдан өзінің сана-сезімін, көзқарасын өзгерту керек.
– Судьяларға мемлекет тарапынан барлық жеңілдіктер қарастырылды. Бұл орайда қалалық судьялардың да жағдайы кемшін емес шығар? Қандай қамтылмай қалған мәселелер бар?
– Салыстырмалы түрде айтқанда, әрине, судьялардың әлеуметтік қамтылуын кемшін дей алмаймын. Осы құрылымда жұмыс істейтін өзге де қарапайым қызметкерлердің әлеуметтік мәселелері жүйелі түрде реттеліп келеді. Ең бастысы, өзіңіз айтқандай, мемлекет жұмыс істеуге қажетті жағдайдың барлығын жасап отыр. Қалалық соттың құзырына қарайтын алты аудандық және төрт мамандандырылған соттардың ғимараттары керек-жарақпен толық қамтылған. Қажетті техникалық заманауи жабдықтар, байланыс қондырғылары, қағаз-қаламына дейін сайлы. Қажет жағдайда орталық ғимаратпен шұғыл байланысқа шығу үшін ортақ бейне жүйе тартылған. Бір сөзбен айтқанда, тұтас жұмыс жүйесін қазіргі заманның талабына сай икемдеп, қамтып отырмыз.
Ал қамтылмай қалған бір мәселе, бүгінде қалалық соттың мамандарын айтпағанда, судьялардың өздері де медициналық мекемеде тіркелмеген. Әрине, Жоғарғы Соттағыдай бұл мәселе барлық облыстарда шешімін тапса құптарлық болар еді. Сонымен бірге, судьялардың әлі де болса материалдық жағдайын жақсарту қажет. Мәселен, зейнетақыны көтеру, демалысқа шыққанда шипажайға жолдама беру сыңды басқа да мәселелер шешімін табатын уақыт жетті деп ойлаймын.
– Қоғамға құқықтық қолдау қажет дегеннен шығады, алда тұрған міндеттеріңізге де тоқтала кетсеңіз.
– Иә, жоғарыда айтып өткенімдей қоғамның құқықтық санасындағы сілкініс елдің сот жүйесіне салмақты жүк артты. Бұған қуану керек, өйткені ел азаматтары өз құқығын, өз қалауын заң шеңберінде қорғауға ұмтылған қоғам – өркениетке ұмтылған қоғам деген сөз. Енді біздің міндет, сол заңға жүгінген, құқығын сотта қорғауға ұмтылған азаматтарымыздың кеудесінен қақпау, заң шеңберінде оларға демеу жасау. Яғни, өркениетке ұмтылған, дамушы қоғамға мейлінше қолдау жасау. Сонда ғана біз заң салтанат құратын, құқық үстемдік ететін мемлекет құру ісін жылдамдатуға үлес қосамыз. Астана қалалық сотының әрбір жауапты қызметкері бұл мүддені біледі, бәріміз де сол бағытта жұмыс істеуге ұмтылып отырмыз.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ.

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:50
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Бүгін, 17:55
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • Бүгін, 17:18
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 16:48
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • Бүгін, 16:30
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • Бүгін, 15:55
Ата заң • Бүгін, 15:35
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 15:10
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:42
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 14:28
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Бүгін, 13:39
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 13:20
Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00