Жоғарғы Сот судьясына мүше болуға және тағы басқа судьялық бос орындарға кандидаттарды ұсыну балама түрде өтетіні туралы Жоғарғы Соттың қаулысы Жоғары Сот Кеңесіне биылғы 8 маусымда ұсынылғаны туралы Жоғарғы Соттың сайтында айтылған болатын.
Және онда бос орынға ұсынылған кандидаттар туралы мағлұматтар беріліп, кандидаттарды тағайындауды ашық және жариялы түрде өткізу мақсатында, олар туралы пікір айтам деушілер өз пікірін Жоғарғы Соттың сайтына немесе сайтта көрсетілген мекен-жайға жіберуге болатыны айтылды.
Айта кету керек, шынында, бұл қоғамда көптен күтіліп жүрген оң және өте дұрыс шешім еді. Сондықтан, сайттағы ақпаратпен танысқандар арасында Жоғарғы Соттың жаңа басшылары сот жүйесіндегі келеңсіздіктерді жоюға шынымен, дұрыс бағытта оң қадам жасады деген ризашылық пікір қалыптаса бастады. Және бұл шешімнің қоғам тарапынан қолдау табатыны сөзсіз еді.
Алайда, 2-3 күн өтер-өтпесте сайтта берілген ақпарат жайына қалып, ұсынылған кандидаттар ешқандай қоғамдық пікірсіз, талқылауынсыз, баяғы үйреншікті қалыптасқан жолмен Жоғары Сот Кеңесіне жіберіліп, бекітілген.
Ашықтық пен жариялылық туралы сайтта жалған хабар беру арқылы, сот кадрларын тағайындауда ескі қалыптасқан жүйені сақтай отырып, сот жүйесі туралы қандайда бір оң пікір қалыптастырамыз деп ойлау, шынын айтқанда, халықты, қоғамды көпе-көрнеу алдау болып табылады, бұл бүгінгі күні дұрыс пікірге тапшы сот билігіне абырой бермейтін, өнбейтін тірлік емес пе?
Айтайын дегенім, егер, болашақта кадрларды тағайындау баяғы ескі қалыппен жүре беретін болса, онда сайттарда жалған мағлұмат беріп, қоғамды дүрліктірудің қажеті жоқ деп ойлаймын.
Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, Сенат депутаты.
• 18 Маусым, 2011
Сайттағы жалған мәлімет бір күні жарға жықпай ма?

Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
Әлем • Бүгін, 12:15
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:05
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Олимпиада • Бүгін, 11:55
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Әскер • Бүгін, 11:45
Ата заң • Бүгін, 11:20
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
Бокс • Бүгін, 11:18
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Олимпиада • Бүгін, 10:48
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:18
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05