2006 жылғы 31 тамыз, Астана қаласы
«Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 911 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
бұйырамын:
1. «Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 911
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2171 тіркелген, Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 ж., № 23-24, 855-құжатта жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3653 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 311 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аттестаттаудан жүкті әйелдер босатылады. Еңбек демалысындағы тұлғалар, бала күту демалысындағы әйелдер, сондай-ақ дәлелді себептер бойынша қатыспағандар жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарда, оның ішінде еншілес мемлекеттік кәсіпорындарда, аттестаттауды өткізу үшін 7 адамнан тұратын аттестаттау комиссиялары құрылады, олар аттестаттаудың нысаны мен рәсімдерін, аттестаттауды өткізудің нақты мерзімдерін айқындайды, аттестатталушының жұмысына талдау жасайды, аттестаттаудың қорытындылары бойынша шешімдер шығарады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік ғылыми ұйымның аттестаттау комиссиясы кадр қызметінің ұсынысы бойынша ғылыми ұйымның басшысымен құрылады. Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның аттестаттау комиссиясы негізгі және еншілес кәсіпорындардың кадр қызметтерінің ұсынысы бойынша негізгі кәсіпорынның басшысымен құрылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау өткізілетін ғылыми ұйымның басшылары, кадр және заң қызметтерінің қызметкерлері және білімнің белгілі бір саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Ғылыми ұйымның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы мен хатшысын тағайындайды. Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау өткізілетін ғылыми ұйымның басшылары, кадр және заң қызметтерінің қызметкерлері, негізгі кәсіпорынның және білімнің белгілі бір саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Негізгі кәсіпорынның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы мен хатшысын тағайындайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Аттестаттау комиссиясының жеке құрамы мен өкілеттік мерзімі ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен анықталады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ғылыми қызметкерлерді аттестаттау кезінде, олардың жарияланымдық белсенділігін және ғалымның цитаталық индексін (белгілі бір уақыт аралығындағы отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың осы ғалымның еңбектеріне сілтеме жасауларының саны) есептеу қажет. Ғалымның цитаталық индексін Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуының басым проблемалары жөніндегі ғалымдар мен мамандардың жарияланымдары бойынша құрылған ақпараттық ресурстар базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы анықтайды және аттестаттау комиссиясының сұратуы бойынша ұсынылады. Цитаталық индекс жүргізіліп отырған зерттеулердің ерекшелігін ескере отырып қолданылады (қызмет бабында пайдалану үшін, құпия, өте құпия, аса маңызды).»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесінің қосымшасы:
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Ғылыми қызметкердің жарияланымдарының саны, соның ішінде соңғы бес жылда.
3-2. Ғалымның цитаталық индексі».
3. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік
тіркеуге ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.ӘЙТІМОВА.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4397 болып енгізілді.