Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы «19» мамыр 2011 жыл №06-3/268
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Астана қаласы «31» наурыз 2011 жыл №78-ОД
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы №165,
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы
№ 24-ө бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру кезінде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің мәселелерін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 қаулысымен бекітілген Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiнің 64-тармағына сәйкес, бұйырамыз:
1. «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы №165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы №24-ө бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – Бірлескен бұйрық), (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 3518 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 152 (766) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
бірлескен бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесінде:
4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«4. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланатын ақпарат хабарлама дайындайды.»;
10-тармақта:
4)-тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
«4) білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс стажы туралы мәліметтері бар өмірбаяны;».
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті осы Бірлескен бұйрықты заңнамада көрсетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.
3. Осы Бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С.Хасеновқа және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігі Төрағасының Орынбасары К.Ө. Райымбековке жүктелсін.
4. Осы Бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі ___________________А. МАМЫТБЕКОВ
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
басқару агенттігінің Төрағасы _____________________Ө. ӨЗІБЕКОВ
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 10 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7002 болып енгізілді.