21 Маусым, 2011

Офицерлер, сапқа тұр!

439 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ұлттық қорғаныс университетін кезекті тыңдаушылар бітіріп шықты. Биылғы 63 бітіруші «Магистр» академиялық дәре­же­сінде «Әскери және әкімшілік басқару», «Әскери білім», «Тех­никалық қамтамасыз етуді бас­қару», «Тылдық қамтамасыз етуді басқару», «Тәрбие, әлеумет­тік-құқықтық үдерістерді бас­қа­ру» мамандықтарын игеріп шығып отыр. Олардың арасында төрт офицер оқуды озат бітірді. Олар – подполковниктер Руслан Кокишев, Жандар Әшірбеков және майорлар Сергей Арыс­тан­баев, Мұрат Шақаев. Бұл жерде тек Қорғаныс министрлігінің офицерлері ғана білім алмайды. Сонымен қатар, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдеріне де оқуға мүмкіндік жасалған. Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұй­ымына кіретін көршілес Тәжік­стан Республикасы мен Қырғыз Республикасының әскери қыз­метшілері де осында оқиды. Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Республикасы Қа­рулы Күштері Әскери акаде­миясының базасында құрылған. 1997 жылы Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Жар­лы­ғымен Алматы жоғары әскери училищесі ҚР ҚК Әскери ака­демиясы болып қайта құрылған болатын. Кейін, 2003 жылы «Ұлт­тық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. Бұл жоғары оқу орнының бүгінгі таңдағы негізгі тапсыр­ма­сы әскери мамандарға магистратура, адьюнктура бойынша ғылыми-педагогикалық жоғары әскери білім беру болып табы­лады. Сонымен бірге, жоғары әскери білімді мамандардың біліктілігін арттыру, оларды жо­ға­ры академиялық курстарда курс­тық дайындықтан өткізу, әскери ғылым саласындағы ғылыми ізденістерге жағдай жасау. Ұлттық қорғаныс университеті – Орталық Азия аймағын­дағы офицерлерге жоғары әске­ри білім беретін, Қарулы Күштер мен басқа да әскерлер мен әс­кери құралымдар үшін маман­дар­ды қайта дайындауды жүзеге асыратын бірден-бір оқу орны. Оксана ПАРПУРА. ---------------------------- Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.