Бұған дейін хабарланғанындай, жақында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин бастаған жоғарғы палатадағы «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ақмола облысындағы Ақкөл балалар үйінде болды.
Сенаторлардың балалар үйі тәрбиеленушілерімен дағдыға айналған кездесуі Сенатта бірнеше жыл қызмет етіп келе жатқан депутаттық құрылымның жұмыс жоспары аясында өтті. Жазғы лагерьде депутаттар демалыстағы балалардың денсаулығын нығайту бағдарламасымен, балалар үйінің материалдық-техникалық жағдайымен танысты.
Балалар үйінің директоры Вера Ковалеваның айтуынша, мемлекет балалар үйіне, оның тәрбиленушілеріне барлық жағдайды жасап, олардың ақылды, парасатты, жан-жақты білімді, отансүйгіш азамат болып қалыптасулары үшін көмек қолын созып келеді. Орталық осыдан 10 жыл бұрын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қарамағында болса, қазір жергілікті атқарушы органның балансында. Мұнда балаларға демалу үшін барлық жағдай жасалған. Табиғаты сұлу, айналасын қарағай қоршаған осындағы балалар үйіне жыл сайын жазда 200-ден астам тәрбиеленушілер 20 күнге келіп, демалады. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысы мен басқа да өңірлерден келген балалар демалып қайтқан-тын.
Тағы бір айтатын нәрсе, балалардың күміс күлкісін қымбат сезінетін азаматтар да балалар үйіне келіп, қолдан келгенше көмек көрсетуде. Сондай алтын жүректі азаматтардың бірі ақын Мәрзия Аяғанова балаларға өлең оқып, мемлекеттік тілді үйретуге атсалысып келеді.
Сол күні Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин, «Өңір» депутаттық тобының жетекшісі Ермек Жұмабаев, сенаторлар Сергей Плотников пен Ерболат Мұқаевтың балалармен кездесуі кезінде балалар концерт қойып, өздерінің алғырлығы, зеректігімен бірге, мемлекеттік тілді жетік білетіндерін көрсетті. Балалар үйі директорының орынбасары Балайым Ержанованың айтуынша, мұнда мемлекеттік тілді білетін тәрбиеленушілер жыл сайын көбейіп жатыр. Олардың бойынан отансүйгіштік, өз елін жанындай жақсы көретін қасиеттерді көру қиын емес. Біз де мұны концерт кезінде өзге ұлт балаларының: «Туған жердей жер болмас, ауасы жұпар, мәңгілік жаса, Отаным, берерімді беремін», деп өлең жолдарын оқығанда байқадық.
Кездесу соңында «Өңір» депутаттық тобының мүшелері балаларға компьютерлік сыныпқа арналған жабдықтар тарту етті.
Дастан КЕНЖАЛИН.
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы.

Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54
Алматыда көлік саудасы пышақтаумен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 09:17
Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады
Қоғам • Бүгін, 09:11
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Спорт • Бүгін, 08:43
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:13