22 Маусым, 2011

Өз пәтеріңіздің кілтін алыңыз

389 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазақстанның тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға өтініштерді қабылдай бастады. Қазақстанның тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкінің салымшы­лары 2011-2014 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында өз тұрғын үй жағдайларын жақсар­туға мүмкіндік алды. 2011 жылғы 16 мамырдан бастап 15 шілдеге дейін Банк салымшылардан атал­мыш бағдарлама шеңберінде салу жоспарланатын үйлерден «таза» әрленген пәтерлер сатып алуға өтініштер қабылдап жатыр. Бұл мемлекеттік бағдарла­ма­ның бастапқы мақсаты: республика азаматтарын әрі сапалы, әрі қым­бат емес тұрғын үймен қамта­масыз ету. Бағдарламаға қатысу үшін болашақ баспана иесі Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкімен келісім-шарт жасасып, белгілі бір мөлшердегі соманы жинақтауы тиіс. Содан соң Банк салымшылар пулын жасайды және алдын ала пәтерлердің ауданы мен жайлы­лығын келісе отырып, құрылыс компаниясына үй салуға тапсы­рыс береді, демек, пулға тек Банк салымшылары ғана қатыса алады. Тұрғын үй бағдарламасына қа­ты­судың ерекшелігі сол, Банк салымшысы тұрғын үйді өте тиімді талаптарда сатып алады. Қарап көріңіз: Біріншіден, кредит беру талап­тарының қолайлылығы: коммер­ция­лық банктерге қарағанда, Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкінде салыстырмалы түрде жинақтау мөлшерлемелері жоғары да, кредит беру мөлшерлемелері – төмен. Екіншіден, банк өз клиенттеріне қамқорлықпен қарап, үйлерді мүм­кіндігінше қаланың айтулы жерлерінде, клиенттер таза ауамен дем- алып, дамыған әлеуметтік инфра­құрылым игіліктерін пайдалана алатындай етіп, көрікті жерлерде салуға тырысады. Кез келген Банк өз клиенттеріне мұндай қамқор­лық жасай қоймайды! Тұрғын үй құрылыс жүйесінің маңызды операторы болып табы­латын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз талаптарына сай келуі үшін салымшыларды іріктеуге балл­дық жүйе енгізіп отыр. Банк әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты үшін жалпы балл есептейтін болады, ол шарттың дайын болу дәрежесіне және шартты сома­ның шамасына қарай анықталады. Келісім-шарттың әзірлігі баға белгілеу көрсеткішіне жету, салым сомасының ең төменгі мөлшеріне жету, салым мерзімінің ең төменгі көрсеткішіне жету сияқты үш жал­пы көрсеткішті бағалау ар­қы­лы анықталады. Баға белгілеу көрсеткішіне жету шамасы келісім-шарттағы баға белгілеудің деректі шамасы мен баға белгілеу көрсеткішінің тө­мен­гі шамасының арақатынасы арқылы анықталады. Салым сомасының ең төменгі мөлшеріне жету шамасы жинақ­тал­ған қаржыға тура тәуелді және ол деректі тұрғын үй құрылыс жи­нақ шарты бойынша жинақталған соманың жүз пайыздық толық жинақтау шартының арақатынасы арқылы анықталады. Салым мерзімінің ең төменгі көрсеткішіне жету шамасы тө­леу тұрғын үй құрылысының ке­лісім-шартқа отыру уақытынан бастап көрсетілген төлеу мерзімі арқылы анықталады. Келісім-шарт­та көр­се­тілетін соманың тұр­ғын үй ба­ғасына шаққандағы ша­масы мына формула арқылы анық­талады: тұр­ғын үй құры­лы­сы­ның келісім-шартында көрсе­тіл­ген шама сатып алуға көздел­ген тұрғын үй ба­ғасына бөлініп, пайыз мөлшеріне көбейтіледі. Егер тұрғын үй бірнеше тұр­ғын үй құрылыс жинақ келісім-шарты арқылы алынатын болса, салымшының осы бағдарламаға қатысатын барлық тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының орташа есептелген балл саны есептеледі. Банк салымшылардан рес­публикалық басылымдарда хабар­ландыру берілгеннен бастап әр құрылыс нысанға екі ай мерзімде өтініштер қабылдайды. Әр өтініш берушіге оны болашақта анықтау үшін жеке номер беріледі. Өтініштерді қабылдау бастал­ғаннан бастап бір ай ішінде банк пәтерлердің түріне, бөлме санына байланысты балл санын есептейді. Әділдік қағидасын ұстанып, әр аймаққа сәйкес банктің филиал­да­ры салымшылардың алған баллдар санын ең жоғары шамадан ең тө­менгі шамаға дейін тізім ретінде көр­сетеді де, осы тізімді банк өз сай­тына жариялайды. Банк са­лым­шы­лары осы сайттан өздері­нің ал­ған баллдарын алдын ала белгіленген реттік саны арқылы көре алады. Пәтерлердің саны мен түріне, және бөлмелер санына байланыс­ты салымшылардың алған баллда­рына қарап, олардың төлеу қа­бі­леті анықталады; салымшы өзінің төлеу қабілетін растауы керек. Егер кейбір салымшылардың ал­ған баллдары бірдей болып жатса, басымдылық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне өтінішті бұры­ны­рақ берген адамда боп есептеледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кінің тұрғын үй бағдарла­ма­сы­на қатысу – өз тұрғын үй жағ­дайыңызды жақсартудағы нақты мүмкіндік ретінде танылады! Айнаш ЕCАЛИ. Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-25-55, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ.. 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта: www.hcsbk.kz