Еңселі елордамыздың мектептерін биыл 3650 түлек бітіріп шықты. Олардың арасынан 99 оқушы «Алтын белгіге» лайықтығын дәлелдесе, 64 түлек ерекше аттестатқа ие болды. Ал 125 түлек халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы ретінде танылып, олар қазірдің өзінде мемлекеттік грантқа қол жеткізіп отыр. Осындай биік белестен көрінген елордалық оқушылардың арасынан шыққан жүзден жүйріктерге арналған салтанатты рәсім «Қазақстан» орталық концерт залында өтіп, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мектеп бітіруші ұл-қызға сәт сапар тіледі.
Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан алтын ұяларымен қоштасу оңай емес. Десе де, алдарыңызда өмірдің даңғыл да, дара жолы жатыр. Бүгін жас астаналықтардың жаңа толқыны өздерінің алғашқы ең маңызды білім туралы құжаттарын алып отыр. Осы оқиғамен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бұл ерекше мазмұнға ие, деген Иманғали Нұрғалиұлы Нельсон Манделаның «Мен – өз тағдырымның әміршісімін. Мен – өз арманымның капитанымын» деген сөзін дәйекке келтірді. «Ол кісі көзі тірісінде ұлы тұлғаға айналды. Өйткені, ол өз арманын тауып, оны гуманистік жолмен жүзеге асырды. Арманына әр адамға түсінікті идеалистік құралдардың көмегімен қол жеткізді. Сондықтан сіздерге ешқашан армандарыңыздан бас тартпаңыздар дегім келеді. Әркімнің өз арманы бар. Тек арман ғана сіздерді табысқа жетелейді», – деді ол.
Бұдан кейін биыл үздік көрсеткішке жеткендерді марапаттау рәсімдері жалғасын тапты. «Ана тілі жұлдызы» номинациясы бойынша ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің түлегі Әбікен Әміре, «Шабыт жұлдызы» номинациясы бойынша №60 мектеп-лицейдің түлегі Әйгерім Оспанова, «Көшбасшы жұлдызы» номинациясы бойынша №38 мектеп-лицейдің түлегі Ысқақ Әсет, тағы басқалар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Мектеп түлектерінің атынан Айдын Аханов жауапты сөз алып, өздеріне жасалып отырған ілтипатқа ризашылығын білдірсе, қазақтың айтулы әнші қызы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Мектеп вальсін» орындады.
Сүлеймен МӘМЕТ

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Digital • Бүгін, 08:35
Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі
Айбын • Бүгін, 08:30
Музей • Бүгін, 08:25