22 Маусым, 2011

Үздіктерді марапаттады

461 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қызылорда қаласында «Ал­тын белгі» иегерлерін марапат­тауға арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Болатбек Қуандықов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, білім саласының ардагерлері мен ата-аналар қатысты. Биыл Сырдың бойында «Ал­тын белгімен» мектеп бітірген түлектердің қарасы басым. Бұл аймақтағы білім саласының білігін көрсетсе керек. Атап айтар болсақ, Жанақорған ауданы бо­йынша – 12, Шиелі ауданында – 17, Сырдария ауданында – 6, Жа­ла­ғаш ауданында – 7, Қармақшы ау­данында – 17, Қазалы ауда­нын­да – 46, Арал ауданында – 27, Қы­зыл­орда қаласында 43 оқушы мек­­тепті «Алтын белгімен» бітірді. Алтын ұяларын алтынмен бітірген оқушылар орталыққа жи­налып, алтыннан алқа та­ғынды. Осы арада айта кеткен абзал, биылғы ҰБТ қорытындысы бо­йынша Қызылорда облысының білім ұйымдарының орташа көр­сеткіші 90,5 балға жетті. «Алтын белгіге» үміткер 301 оқушының 207-сі өз білімдерін дәлелдеп шықты. Ал «Үздік аттестатқа» 217 үміткер іріктеліп шыққан-тын. Оның 127-сі «Үздік аттес­тат­қа» лайықты баға жинады. Биыл түрлі пән байқаулары бойынша 25 оқушы грант иегері атанып отыр. Атап айтқанда, физика, математика, химия, информатика, биология, ағылшын тілі пәндері бойынша оқушылар «Назарбаев Университетінің», «Сү­лей­ман Демирель» универси­теті­нің, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, КИМЭП,  «Еуразиялық», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттерінің, мұны­мен қо­са Прага, Чехия мемлекеттеріндегі, сондай-ақ «Петро Қазақстан» бағдарламасы бойынша Қытай еліндегі жоғары оқу орын­дары­ның грант иегерлері атанды. Мұ­ны­мен қоса, биылғы жылы об­лыстың мектеп оқушылары түр­лі деңгейдегі білім бәсеке­лерінде жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, аймақтың білім саласындағы бе­делінің артуына өзіндік үлес­терін қосты. Сонымен бірге, оқу­шылар 2010-2011 оқу жы­лын­да пәндік олимпиада, ғылы­ми жоба жарыстарынан шет мемлекеттерде де үлкен нәти­жеге қол жеткізіп, Чехия, Грекия, Кипр, Түркия, АҚШ, Ресей, Венгрия, Әзербайжан елдерінде оқушылар «алтын», «күміс», «қо­ла» медаль игерлері атанып келді. Биыл облыста 9150 оқушы мектеп бітірді. Оның 77,1%-ы, ұлттық бірыңғай  тестілеуге қа­тысуға өтініш білдірген болса, 15 халықаралық ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылды. Өйткені, олар тест тапсырмай-ақ өздері қалаған жоғары  оқу орнына түсуге мүмкіндік алған. Айтпақшы, тест нәтижесі бо­йынша 3 оқушы 125 балдан жи­нады. Атап айтқанда, Қазалы ауданындағы №249 мектептің түлегі Анар Кемал мен Арман Ақбаева және Қызылорда қала­сы №9 кәсіптік-техникалық ли­цейінің оқушысы Денис Фадеевтер үздік көрсеткішпен көзге түсті. Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда.