22 Маусым, 2011

Ұсыныстар әзірлеу отырысы

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше  Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Экс­порт­тық-импорттық операциялар бойынша бір­ыңғай терезе» («Б-терезе» ЫАЖ) ықпалдастырыл­ған ақпараттық жүйесін құру үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша комиссия отырысын өткізді. Отырыс барысында 2011-2013 жылдарға арнал­ған «Б-терезе»  ЫАЖ  құру тұжырымдамасының  жобалары және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары таныстырылып, талқыланды. Отырыс қорытындысында Премьер-Министр тұ­жырымдаманы Үкіметтің қарауына енгізуді тап­сырды.