22 Маусым, 2011

Кеше...

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ Батыс Қазақстан облыстық мәс­лихатының  кезекті сессия­сын­да аталған мәслихаттың хат­шысы Мәлік Құлшар Сенат де­путаттығына Р.С.Ахметовтің кан­ди­датурасын ұсынды. Тұрақ­ты комиссияның  төрағасы Қазы­бай Бозымов пен облыстық мәс­ли­хат­тың депутаты Кейпін Тө­легенов бұл ұсынысты қолдап сөз сөйледі. Рашид Сайранұлы республи­ка­мыздағы тәжірибелі, әрі кәсі­би Парламент мүшелерінің бірі. Ол бұған дейінгі сенаторлық қыз­ме­тін­де аймақ мүддесін лай­ықты түр­де қорғай білді. Өңірге рес­публикалық бюджеттен бөлі­нетін трансферттік қаражаттар­дың жеткілікті түрде бөлінуіне ықпал жа­сады. Ең бастысы – ол елге жан­ашырлық сезіммен қа­рай біледі. Сондықтан да оның кандидатура­сы Сенат депутат­ты­ғына сайлануға лайықты деп білеміз, деді олар. Сессия Р.С.Ахметовті Сенат де­путаттығына кандидат етіп ұсы­­ну жөнінде шешім қабылдады. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал. * * * ...ӨҢІРЛІК ЕМХАНАЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ Облыс орталығындағы «ОЛИМП» деп аталатын бұл емхананың мақсаты медици­налық зерттеулер нәтижесін әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізу, диагностика саласына инновациялық техноло­гия­ларды енгізу, дәлдік медицина жүйесін жетілдіру болып та­бы­лады. Емхананың ерекшелігі – жеделдік, аса күрделі деген анализдер қорытындыларының өзі бір күн ішінде дайындалады. Бар­лық зерттеу үдерістері автомат­тан­дырылған. «ОЛИМП-те» медициналық анализдердің 500 түрі зерттеледі. Яғни, оның барлық техно­логия­лық үдерістері зертхана­лық ар­найы ақпараттық жүйе­лер­мен жаб­дықталған. Басқа өңірлерде де бөлімшелері бар. Емхана ма­мандары үйге де бара алады. Барлық жастағы адамдар зерттеуден өтеді. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы. * * * ...20 ЖЫЛДЫҚҚА АРНАЛҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ Бәсекелестікті қорғау  (моно­по­лияға қарсы) агенттігіне 20 жыл тол­ды. Тәуелсіздікпен тел өсіп келе жатқан құрылым  осы  ме­рейжасына байланысты  өңір­де­гі сала қызметкерлерін, ірі на­рық  су­бъектілері басшыларын шақы­рып, дөңгелек үстел өт­кізді. Онда агенттіктің құрылу тарихы­нан әңгіме айтылды, бір­ақ негізгі әңгіме экономикадағы, бизнес са­ласындағы бәсекелес­тікті дамы­ту, өндірген тауарлар­дың  бәсеке­ге қабілеттігін кү­шей­ту жайында болды. Басқосуға жиналғандар өт­кен жылдың екінші жартысында ат­қа­рылған жұмыстар нәтиже­сіне тоқ­талды. Қызметкерлер  апта сай­ын  сауда нүктелерін аралап,  ба­ғаның шарықтап кетпеуін қатаң бақы­ла­ды. Өйткені, кәсіпкерлер тарапынан заң бұ­зу­шылық болып тұрады.   Бәсеке­лестікті қорғау агент­­тігі өңір­аралық инспекция­сы­­ның бас­ты­ғы Ерболат Ыбы­райымов­тың айтуын­ша, кәсіп­кер­лер тарапы­нан заң бұзушылық­ көбінесе азық-түлік өндіретін кәсіпорын­дарда орын алады. Мерекеге  арналған дөң­гелек үстел осылай көкейкесті мә­се­лелерді қозғауымен  маңыз­ды бола түсті. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.