Кеше Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін (МСҰМ) бітірушілерге диплом тапсыру салтанаты болды.
Академияның құрамындағы МСҰМ Президент Н.Назарбаевтың 2009 жылғы Жарлығымен ашылған еді. Оның міндеті – саяси мемлекеттік қызметкерлердің резервін дайындау. Онда оқитындардың қызметі министрліктер департаменттерінің директоры немесе директордың орынбасары қызметінен төмен болмайды. Оқу орнын биыл бітіргендер АҚШ-тың Дьюк университетінде үш айлық тәлімдемеден өтті. Аталған университет әлемдік жоо-лар рейтингі бойынша 13-ші орында. Қазақстандық қызметкерлер осы университеттің дипломдарын алды.
Айта кететін жәйт, оқу бағдарламасы қазақстандық жергілікті басқару органдарында өндірістік тәжірибеден өтуді де қарастырған. Сөйтіп, болашақ басқарушылар әлемдік және отандық тәжірибелерді салыстыра отырып, екеуін де бірден қамтиды.
Академия мектебінің әлемдік алдыңғы қатарлы университеттермен ынтымақтастық орнатуы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес іске асырылған. Ол оқу үдерістерін толық ауқымда интернационалдандырып, халықаралық аккредитация алуды жүзеге асырады.
Диплом тапсыру салтанатына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Байбек, АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басшысы Дж.Ордвей, АҚШ Стэнфорд атындағы университеті мемлекеттік саясат мектебінің деканы Дьюк Брюс, осы университеттің Халықаралық даму орталығының атқарушы директоры Дьюк Джонатан Абельс және басқалар қатысты.
Жақсыбай САМРАТ.