24 Маусым, 2011

Жеребе бізге жолдас

437 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жақында футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының биылғы маусы­мы­ның жеребесі тартылды. Чемпиондар лигасының екін­ші кезеңінен бастап жарысқа қа­тысатын былтырғы ел чемпионы Қостанайдың «Тобыл» команда­сы­ның жолы Словакияның «Сло­ван» клубымен түйісті. Осы кезге дейін өзара кездеспеген командалар енді 12 немесе 13 шілде күн­дері әуелі Братиславада, одан кейін 19 немесе 20 шілде күндері Қос­танайда қарымта кездесу өткі­зетін болады. Қостанайлық команданың қарсыласы 1919 жылы құрыл­ған. 1939-1944 жылдары Сло­вакияның 4 рет, 1945-1992 жыл­дар аралығында Чехо­сло­в­а­кия­ның 8 рет чемпионы атанған. 1962-1982 жылдар аралығында 5 рет ел кубогын жеңіп алған. Содан кейін Чехословакия екіге бөлініп, Словакия тәуелсіздігі­нің алғашқы жылдары «Слован» 3 рет кубокты жеңіп алса, 1994 – 1996 жылдары супер ку­бокты басына көтерген. 1993 жылдан бері Словакияның 5 рет чемпионы болған. Қазір команда ІІFHS рейтингінде 191-ші орында тұр. «Слован» ойындарын 30 мың­нан астам адам сыятын «Тегельне поле» стадионында өткізеді. Осы күндері стадион күрделі жөндеу­ден өтіп жатқандықтан, команда қарсыластарын 13 мың көрермен­ге арналған «Пасиенки» стадио­нын­да қабылдап жүр. «Тобылдың» қазіргі ойын­да­ры­на қарап, «Слован» оған оңай шағылатын жаңғақ болмайтыны сөзсіз. Словакия клубын жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі ке­зеңіне өтсе, қостанайлық команда үшін жаман болмас еді. «Слован» өткен жылы іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне шыққан. Ал Еуропа лигасының екінші іріктеу турнирінен бастап жарыс­қа қатысатын былтырғы күміс жүл­дегер «Ақтөбенің» қарсыласы Венгрияның «Кечкемет» клубы болды. Бұл команда да өткен ға­сыр­дың басында құрылған. Дегенмен, клубтың жасы биыл 100-ге келсе де, ұзақ жылдар ол үшін­ші және екінші дивизионда ойна­ған. 2008 жылы ғана жоғары дивизионда ойнауға мүмкіндік ал­ды. Команда биыл өз тари­хын­дағы үлкен жетістікке жетті. Ел кубогын жеңіп алды. Одан бұрын 2007-2008 жылдары екінші дивизионның жеңімпазы бол­са, 1945-1995 жылдар ара­лы­ғын­да төрт рет үшінші ди­визион­ның бас жүлдесін иеленген. «Ақ­төбе» мен «Кичкемет» ко­ман­даларының ойын­дары 14 және 21 шілде күндері өтеді. Қарағандының «Шахтері» Сло­­венияның «Копер» коман­да­сымен кездесетін болып отыр. Бұл команда былтырғы ел чем­пионатының қола жүлдегері атан­ған. Ал 2010 жылы ол Словения чемпионатын жеңіп, осы кезге дейін ел чемпионы атан­ған 5 команданың қатарына кірген. Команда 1955 жылы құ­рыл­ған. «Шахтер» мен «Копердің» алғашқы ойыны Словенияда 30 маусым күні өтсе, қарымта кездесу 7 шілде күні өтеді. Келесі біздің бір команда­мыз­дың қарсыласы – Поль­ша­ның «Ягеллония» клубы. Бұл команда «Ертісті» өз алаңында 30 маусым­да қабылдаса, 7 шілде күні Пав­ло­дарға «қонаққа» келеді. «Ягеллония» биылғы Поль­ш­а чемпио­на­тында төртін­ші орынды иеленді. Дастан КЕНЖАЛИН.