Астанада Қазақстан Журналистер одағы қалалық филиалының ұйымдастыруымен шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер Рамазан Ахметовті еске түсіруге арналған турнир өтті.
Жыл сайын астаналық журналистер арасында дәстүрге айналған турнирге «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Астана ақшамы», «Нұр Астана» газеттері, «Хабар», «Астана» телеарналары, «Нұр Медиа» холдингі, Қазақ радиосы мен осы кезге дейін Алматыда шығып тұрған «Sport kz» газетінің командасы қатысты.
Командалар олимпиялық жүйе бойынша өзара кездесіп, жеңгендері жартылай финалға жолдама алды. Сөйтіп, өзара күш сынасқан ұжымдар ішінен плей-оффқа шығып, одан сүрінбей өткен «Sport kz» пен «Астана» телеарнасының командалары финалда бас жүлдені сарапқа салды. Турнирдегі алғашқы ойынында «Казахстанкая правда», одан кейін «Астана ақшамы» мен «Нұр Астана» командаларын ұтқан белгілі спорт жазушысы Несіп Жүнісбайұлы басқаратын «Sport kz» газетінің ұжымы бас жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынды «Хабар» телеарнасы иеленді.
– Біздің осы турнирдегі жеңіске жеткеніміз команданың ұйымшылдығының, алаңда түсінісе білгендігінің және жеңіске деген жігерлілігінің арқасы деп білемін, – деді команданың капитаны, «Sport kz» газеті бас редакторының орынбасары Төлеубек Қадырмолла. – Ал басқа командалар ішінен бізге «Егемен Қазақстан» мен «Хабар» командаларының ойын өрнегі ұнады. Расы керек, олардың да біз сияқты финалға жетуге мүмкіндігі бар еді. Бірақ, ойынның аты – ойын. Алда тағы жарыстар болады. Қарымта қайтаруға мүмкіндік туады.
Ал Журналистер одағы қалалық филиалының басшысы Мағжан Садыханұлының айтуынша, бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнир алдағы кезде де жалғасатын болады. Өйткені, оның мақсаты – журналистер арасында жеңімпазды анықтау емес, ең бастысы, БАҚ өкілдерінің достығын нығайту, футбол сияқты миллиондаған жанкүйерлердің сүйікті ойынын әріптестерінің арасында насихаттау.
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Қоғам • Бүгін, 09:15
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Реформа • Бүгін, 09:10
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Реформа • Бүгін, 09:07
Аймақтар • Бүгін, 09:05
Саясат • Бүгін, 09:03
Пікір • Бүгін, 09:00
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Талбесік • Бүгін, 08:55
Экспорт • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Digital • Бүгін, 08:35
Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі
Айбын • Бүгін, 08:30
Музей • Бүгін, 08:25