Облыста соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын қаржыландыруда анағұрлым ілгерілеушілік бар. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 25,0 млрд. теңге құрап, 2004 жылмен салыстырғанда, бес есе артты. Үш ауданда туберкулез, екі ауданда орталық ауруханалар, облыс орталығында екі емхана, 200 кереуеттік балалар ауруханасы пайдалануға берілді. Облыс әкімі дәрігерлерге «Шапағат» сыйлығын тағайынған еді. Ақ халатты абзал жандардың биылғы төл мерекесінде оның иегерлері анықталды. «Үздік аурухана» номинациясы бойынша Темір, Алға, Әйтеке би аудандық ауруханалары және «Шағала» санаториясы жеңімпаз болды. «Үздік емхана» номинациясы бойынша СПИД-ке қарсы күрес орталықтары және қалалық балалар емханасы алдыңғы орындардан көрінді. «Үздік дәрігерлік амбулатория» номинациясы бойынша Петропавловск, Дөң және Жаңажол дәрігерлік амбулаториялары жеңімпаз деп танылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.