Оңтүстік астананың орталығында, Абай даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында Халық Банкі зейнетақы қорының жаңа филиалы ашылды.
«Глобус» көп cалалы орталығының бірінші қабатында, Халықтық Банкінің бас офисі жанында нағыз мерекелік жағдай орнаған: жаңа офис әуе шарларымен безендірілген, құрметті қонақтар құттықтау сөздерін дайындаған, ал қор қызметкерлерінің жүзіне күлкі үйірілген. Алматы филиалы жаңа қонысқа көшуді бұрыннан армандаған. Соңғы уақытқа дейін Алматыда жұмыс істейтін қалалық филиал мен бес сервис орталығы үлкен көлемде жұмыс атқарып келді. Олар Халық Банкі зейнетақы қорының 116 миллиард теңге жинағына ие қаладағы 240 мың салымшыға қызмет көрсетіп келді! Осындай жұмыс көлемі бола тұра әрбір клиентке менеджерлер кез келген сервис орталығында да, қор филиалында да барынша көңіл бөліп отырды.
– Барлығымыз үшін қоныстой – ескі қабырғаларды жаңасына ауыстыру ғана емес, – деді ашылу салтанатында Алматы филиалының директоры Бауыржан Қынатбеков, – бұл біздің Қордың жаңаруы мен үйлесімді дамуының нышаны. Жұмыс істеген алғашқы күндерден-ақ біз салымшыларымызға әрбір облыста, әрбір өңірде, әрбір елді мекенде жайлы жағдайда қызмет көрсетілуін армандап едік. Ең жоғары халықаралық талаптарға сай офис – бұл қордың сәтті дамуындағы жаңа деңгей.
Ал Желтоқсан көшесі, 96/98 мекен-жайы бойынша орналасқан филиалдың ескі офисі (Гоголь көшесінің қиылысы, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жанында) сервис орталығына айналды, онда бұрынғыдай клиенттерге барлық қызмет түрі ұсынылады. Ал жаңа офис ашылу сәтінен бастап ЖЗҚ қызметкерлерінің мақтанышына айналды, себебі ол расымен жайлылықтың барлық талаптарына сай офис. Операция залында клиенттерге алты менеджер қызмет көрсететін болады, олардың бірі «менеджер-навигатор» деп аталады, ол тез кеңес беру қызметін ұсынады, барлық қажетті құжаттардың болуын тексереді, көшірмелер береді, телефон арқылы келіп түскен сұрақтарға жауап береді. Мұндай қарапайым да тиімді амал кезектердің болмауын қамтамасыз етеді. Барлық қызметкерлер зейнетақы төлемдерін қабылдаумен және рәсімдеумен айналысып жатқанда, ал бұл көп уақыт алады, тек көшірме алуға келген клиентке де көңіл бөлу керек. Көшірме беру 1 минөт қана уақыт алады. Менеджер-навигатор егжей-тегжейлі ақпаратты ұсына отырып, көшірмені тез уақытта шығарып береді. Енді мұндай қызмет аз уақыт алатын болады.
– Біздің тәжірибеміз көрсеткеніндей, филиал арқылы күн сайын шамамен 250-300 клиент өтеді, – дейді Алматы филиалы Операция басқармасының бастығы Шынар Құрманалиева, – 30-40 төлемге шамамен 200 көшірме ұсыну операциясы келеді. Сонымен қатар, барлық қызметкерлеріміз арнайы оқытудан өтеді, олар зейнетақы төлемдеріне қатысты барлық заң және қаржы мәселелері бойынша кеңес бере алады. Бұл да көп уақыт алады.
Жылы жүзді, сауатты қызметкерлер құрамымен және жұмыстағы кейбір жаңашылдықпен қатар Абай даңғылындағы офистің екі артықшылығы бар. Біріншісі – офистің қала орталығында ыңғайлы жерде орналасуы. Мұнда көліктің бірнеше түрімен жету мүмкіндігі бар. Және де бұл жерде ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты жинақталған зейнетақы қаражатын алу туралы өтініштер, сондай-ақ мұрагерлерге төлем жүргізу туралы өтініштер қабылданатын болады.
– Бұл құжаттарды мұқият тексеруді талап ететін өте тәуекелді операциялар, сондықтан алаяқтықты болдырмау мақсатында, – дейді Шынар Құрманалиева, – сервис орталықтарын есептемегенде, мұндай төлем түрлерімен менеджерлер тек қана филиалда айналысатын болады.
Неліктен қор осындай қомақты шығындар көтеріп, қосымша орталық ашып отыр? Өйткені, қор клиенттерінің саны үнемі өсіп келеді. Халық Банкі Зейнетақы қорына сенбегенде, кімге сенесіз! Оның бүкіл тұрақты даму тарихы осы қағиданы растайды емес пе. Қазақстандағы ірі зейнетақы қоры – Халық Банкінің ЖЗҚ 1998 жылы құрылды. Қорда қаржыгер-инвесторлардың кәсіпқой командасы бар, олар өздерінің сауатты инвестициялық саясатымен инвестициялық табыс бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Инвестициялық қоржын ашық және оны қордың сайтында көруге болады: www.halykfund.kz. «Эксперт РА» рейтингтік агенттігінің межелігі бойынша Халық Банкі Зейнетақы қорының рейтингі ең жоғарғы – А++ (ерекше жоғары – ең жоғарғы сенімділік деңгейі).
Бүгінгі күні әрбір төртінші жұмыс істейтін қазақстандық, ал бұл екі миллионнан астам адам, өз болашағын қорға сеніп тапсырды. Қорға ай сайын келіп түсетін зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 12 миллиард теңгені құрайды. Ал зейнетақы активтері – шамамен 800 миллиард теңге.
Ашылудың мерекелік жағдайына оралайық – құрметті қонақтар салтанатты түрде операция залына кіреберістегі лентаны кескен сәтте журналистермен бірге алғашқы клиенттер де ішке кірді. Бақытты жағдайлардың тоғысуына орай дәл осы филиалдың ашылу күні олар – Майра Бисенова мен Людмила Ли 58 жасқа толуын және құрметті зейнет демалысына шығуын тойлап жатыр. Олар үйлеріне тек ақшамен ғана емес, мереке құрметіне қор сыйлаған сәнді раушандар гүлшоғымен және сыйлықтармен оралды.
Және де Қор сіз бен біздің болашағымыз жайлы ойлайды – бұл оның кәсібі. Сондықтан жаңа офисте тілектер кітабы үшін де орын табылды, онда әрбір клиент өз тілектерін қалдыра алады.
Дарья ТИШИНА.
Алматы.
Суретті түсірген Владимир Заикин.