24 Маусым, 2011

Жиырма жыл жетістіктері

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Тәуелсіздікке 20 жыл: Қазақстан жолы» деген  тақырыппен Семей мемлекеттік педагогика институтында дөңгелек үстел өткізілді. АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей және Қазақстан ғалымдары қатысқан алқалы жиында егемен еліміздің 20 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық салалар­дағы жетістіктерімен бірге, болашақтағы даму бағыттары талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған институттың ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ескендіровтің, Қазақ­стан педагогика ғылымдары академиясының президенті, педагогика ғылымдарының док­торы, профессор А.Құсайыновтың, Том мемлекеттік педагогикалық университетінің про­­фес­соры А.Ситникованың, Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясының про­фес­соры П.Шептенконың, Джионгсанг (Оңтүстік Корея) ұлттық университетінің вице-президенті, профессор Тэ Джонгтың, Питтсбург (АҚШ) мемлекеттік универ­си­тетінің Орталық Азиядағы зерттеулер орта­лығының про­фес­соры Чунг Лидің және тағы басқа білікті ғалымдардың тәуел­сіз Қазақстанның 20 жыл ішіндегі жүріп өткен жолы туралы сындарлы сөз­де­рін зейін қоя тыңдады. Қазақстандағы адам капиталының сапа­сы туралы сөз қозғалғанда Кореядан келген қонақ Джонгсанг ұлттық университетінде екіжақты келісім нәтижесінде оқып жатқан Семей педагогикалық институтының студенттері туралы жылы лебіз білдіре кетуді ұмытпады. Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміз­дің өткен 20 жыл ішіндегі жетістіктерін бірауыз­дан Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың атымен тығыз байланыс­тырды. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.