24 Маусым, 2011

Заңдар халықаралық құқықпен үйлесім табады

350 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен жоғары палатаның осы сессиядағы соңғы отырысы болды. Сенаттың бұл отырысында қа­­рау үшін палата бюросы 18 мәселе ұсыныпты. Оның ең ал­ғашқысы Республикалық бюд­жет­тің атқарылуын бақылау жө­ніндегі есеп комитетінің мүшесін сайлау екен. Ол бойынша депутаттар Парламент Сенаты Төр­ағасының ұсынысын қарай келіп, кезінде Мемлекеттік қаржы-ба­қы­лау комитетінде, Жоғарғы Ке­ңестегі бақылау палатасында, Қаржы министрлігінде жауапты қызметтер атқарған сенатор Жансейіт Сәрсенқұловты тағайын­дау­ға өздерінің толық қосы­ла­тын­дықтарын дауыстарын берулерімен дәлелдеді. Сөйтіп, бұ­рынғы сенатор кәсіби салаға қыз­мет ауыстырды. Сонымен қатар, палата басқа жұмысқа ауысуына байланысты Парламент Сенаты­ның депутаты Ж.Сәрсен­құлов­тың өкілеттігін тоқтатты. Бірінші кезекте қаралған «Қа­зақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Стра­те­гиялық әріптестік туралы шарт­ты ратификациялау туралы» заң жобасына негіз болған уағда­ластық 2009 жылғы 22 қазанда Анкара қаласында жасалған бо­ла­тын. Шарттың мақсаты Қазақ­стан мен Түркия арасындағы сая­си, экономикалық, ғылыми-тех­ни­калық, экологиялық, ақпарат­тық, гуманитарлық, мәдени және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа сапа беру, сондай-ақ оның құқықтық ба­засын нығайту болып та­бы­ла­ды. Қазақстан тәуелсіздігін ал­ған­да алғаш таныған бауырлас тү­рік елімен ынтымақтастықты көз­дейтін заң жобасына депут­тат­­тар бірауыздан қолдау біл­дірді. Мұнан соң депутаттар, күн тәртібіне сәйкес, бірқатар халық­аралық келісімдер мен шарт­тар­ды талқылап, ратификациялау ту­ралы заң жобаларын қабылдады. Бұл күні сенаторлар алдына ең жиі шыққан министр еліміздің Экономикалық интеграция ми­нис­трі Жанар Айтжанова болды. Жанар Сейдахметқызы бір емес, бақандай 5 заң жобасына қатыс­ты мінберге көтерілді. Ол негі­зінен еліміздің интеграциялық бірлестіктерге – Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңіс­тік­ке қатысушы мемлекеттердің қыз­метіне қатысты келісімдер топтамасын ратификациялау мә­селелері болатын. Келісімдердегі мәліметтер бой­ынша Ж.Айтжанова, Ауыл шаруа­шылығы министрі А.Мамыт­беков, Ұлттық Банк төраға­сының орынбасары Б.Тәжіяқов депутат­тар­дың көптеген сауалдарына жау­ап берді. Талқылау нәтижесі бойынша заң жобалары қабыл­дан­ды. Ал тұрғын үй қатынас­та­ры және исламдық қаржыланды­руды ұйымдастыру мәселелері бойынша заң жобалары Сенат ен­гізген өзгерістерімен Парламент Мәжілісіне қайтарылды. Осы сессияның соңғы оты­ры­сында қаралуға тиіс мәселелердің ішіне «Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі мен Француз Рес­публикасының Үкіметі ара­сын­да­ғы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ын­ты­мақ­тастық туралы келісімді ра­ти­фикациялау туралы» және «Қа­зақстан Республикасының Үкі­меті мен Француз Республика­сы­ның Үкіметі арасындағы Фран­цуз Республикасы Қарулы Күш­те­рінің Ауғанстан Ислам Рес­публикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қи­мылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аума­ғы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамта­масыз ету туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заңдар ен­гізілген екен, олар да қабылдан­ды. Басқа да бірқатар заң жо­балары мақұлданды. Отырыс соңында жоғары па­ла­таның басшысы биылғы сес­сиядағы Сенат қызметінің қоры­тындылары туралы айтты және депутаттық корпус пен палата аппаратының қызметкерлеріне қа­жырлы қызметіне орай риза­шылығын білдірді. Отырыста дәстүр бойынша сенаторлар тарапынан депутат­тық сауалдар жария етілді. А.Би­жанов, Р.Ахметов, Х.Валиев, Қ.Баймаханов және С.Плотников ел өміріндегі көкейкесті мәселе­лер бойынша депутаттық сауалдарын жолдады. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.