25 Маусым, 2011

Мемлекеттік қызметке кіріскендер ант берді

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23 маусымда Парламент Мәжілісі Аппара­ты­ның әкімшілік мемлекеттік қызметшілері­нің ант беру рәсімі өтті, деп хабарлады осы па­латаның баспасөз қызметі. Салтанатты рәсімді Аппарат басшысы Ерген Дошаев кіріспе сөзбен ашты. Ал қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдірілген тәуелсіз Қазақстанның қызметкерлері өздерінің биік жауапкершілігін сезіне отырып берген антында Қазақстан халқына адалдық танытып, Президенттің саясатын біліктілікпен жүргізе­тіндіктерін мәлімдеді. Ант беруші жастарды аға буын атынан Мәжіліс депутаты Зейнолла Алшымбаев құттықтап, өзінің ұзақ жылдарғы мемлекеттік қызмет тәжірибесінен әңгіме айтып берді. Ант беруші жас мамандар атынан Халел Ыбырай сөз алып, әріптестеріне алдағы мемлекеттік қызмет ісінде қажыр-қайрат, біліктілік тіледі.
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүреді

Табиғат • Бүгін, 11:28

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • Кеше

Театр тұйғыны

Театр • Кеше

Киелі күй иесі

Тұлға • Кеше

Сапаға мән береді

Еңбек • Кеше