25 Маусым, 2011

Тіл майданының майталмандары

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тіл сая­са­тын бұқаралық ақпарат құрал­дарын­да кеңінен насихаттау, мем­лекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және бұқара­лық ақпарат құрал­дары» атты респуб­ликалық конкурс жария­лан­ған болатын. Жур­налистер ме­рекесі қар­са­ңын­да осы кон­курс­тың қо­ры­­тын­дысын жариялады. Сонымен конкурс ережесіне сәйкес – «Үздік автор» номина­ция­сы төрт бағытта бағаланды. Олар: баспасөз, телеарна бағдар­ла­малары, радио хабарлары және сайт материалдары. Қазылар алқасының шешімімен І орынды – Ақмола облысы «Арқа ажары» газетінің тілшісі Қайырбай Төреғожа, «Егемен Қа­зақ­стан» га­зеті­нің шолушысы – Сү­леймен Мәмет, «Қазақстан» те­ле­арнасы­ның ком­ментаторы Гүл­наз Айтақова иеленсе, ІІ орын – «Ай­қын» газеті­нің тілшісі Кәм­шат Тас­болатоваға, Батыс Қазақ­стан об­лыстық «Информбиржа» газетінің тілшісі Наталья Жуковаға, Ақтөбе облыстық те­леарнасының қызмет­кері Аягөз Патилақызы мен Қазақ радиосы­ның қыз­мет­кері Оңғарбек Құралов­қа бұ­йырды. Ал «Ана тілі» газеті­нің бөлім редакторы Динара Ізтілеу, «Алаш айнасы» га­зеті­нің тілшісі Сәкен Көкенов, «7» телеарнаның «Нысана» бағдарла­ма­сының тілшісі Сәкен Әбдиев, Ақ­төбе об­лыстық «РИКА-ТВ» жур­­на­лисі Жанаргүл Досова  ІІІ орын алды. Берік САДЫР. Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.