25 Маусым, 2011

Жүлдегер журналистер

403 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан журналистер Ода­ғы­ның басқармасы БАҚ өкілері арасындағы шығармашылық жұ­мыс­тар жөніндегі республикалық конкурстың қорытындысын шы­ғарды. Биылғы жылғы Қазақстан журналистер Одағы сыйлығы­ның төмендегідей номинация­лары бойынша лауреаттары мен дипломаттарының есімін жария­лады. Репортерлік жұмыс – «Немецкая волна» радиосының журналисі Виталий Волковке – Орта­лық Азиядағы маңызды қоғам­дық-сая­си оқиғаларды жедел жет­кізгені үшін; Экономикалық шолу – «Голос Республики» газеті бас редак­торының орынбасары Оксана Макушинаға – елдің әлеу­меттік-экономикалық дамуы жайындағы топтама материалдары үшін; Саяси сараптама – «Московские новости» газетінің саяси шолушысы Аркадий Дубновқа – «Новая газета – Қазақстанда» жарияланған посткеңестік кеңіс­тіктегі азаматтық қоғамның даму жолдары туралы публицис­тикалық мақалалары үшін;  Журналистік зерттеу – «Общественная позиция» газетінің бас редак­торы Бақытгүл Мәкімбайға – сы­байлас жемқорлық пен қаржы­лық құқық бұзушылыққа қатыс­ты талда­ма­лық материалдары үшін берілді. Ізденушілік материал – «Central Asia monitor» газетінің шолушысы Адольф Арцишевскийге – жас жеткіншектерді адам­гершілік тұрғыда тәрбие­леу­ге ықпал ету тұрғысындағы сұх­баттар сериясы үшін; Телеви­зия­лық жұмыс – «Қазақпарат» ақ­парат агенттігінің Байқоңыр ғарыш айлағындағы арнаулы тілшісі Сара Нұрғалиеваға – елдің ғарыш саласының дамуына қа­тысты «Кочевник Вселенной» те­левизиялық фильмін дайында­ға­ны үшін; Зерттеу жұмысы – «Қазақстан» телерадиокорпо­ра­ция­сының «Қарағанды – Қазақ­стан» филиалының журналисі Әшімхан Жампейісовке – Тәуел­сіз Қазақстанның 20 жылдығына арналған публицистикалық бағ­дар­­ла­малары үшін; Фотосурет жұ­­мысы – фотосуретші Юрий Маль­цевке (марқұм) – «Безгранич­ный мир большого человека» атты фотоальбомды дайындаудағы кәсіби шеберлігі үшін; Медиажоба – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы­на – әдеби басылымдардағы журналистік дәстүрлерді қайта жан­дандырғаны үшін Қазақстан журналистер Одағының сыйлығы берілді. Ал ақпараттық қызметті ұйым­дастырғаны үшін «Казин­пресс» редакциялық-баспа тобы Амангелді Ахметәлімов атын­дағы сыйлықпен «Tengrinews.kz» интернет-порталының шығармашыл тобын, «Қазақстан – ZAMAN» халықаралық газеті Рахымбай Ханалы атындағы сый­лықпен «Ар-Ай» тараздық  жастар газетінің фототілшісі Алтын­бек Қартаевты марапаттады. Сон­дай-ақ «Айғақ–ТВ» телера­диокомпаниясының, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының, «КТК» телеарнасының, «Добрый вечер!» (Петропавловск) газеті­нің, «Караван», «Надежда» (Орал), «Уйғур авази» газеттерінің және «Аль-Пари» журналының шығар­машылық ұжымдары ел тәуел­сіздігінің 20 жылдығы қарса­ңын­да қазақстандық баспасөздің да­муына қосқан үлесі үшін Қазақ­стан журналистер Одағы­ның дипломдарына ие болды. Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетов, «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Бекбанова, Қазақ­стан­ның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыды­рысов, Қазақстан Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі Раушан Қажыбаева, ЕҚЫҰ өкілдігінің БАҚ бос­та­дығы жөніндегі басшысы Дуни Миятович, Қырғызстан Респуб­ли­к­асының Президенті Роза Отун­баева, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова баспасөзді қол­дау және журналистермен жақсы қарым-қатынас орнатқандары үшін Қазақстан журналистер Одағының дипломдарымен марапатталды.