Елімізге танымал қаламгер Қазихан Қабделдің журналистік шеберлігін, оның қаламынан туған көкейкесті мақалаларын жұртшылық жақсы біледі. Оның «Егеменнің» Атыраудағы меншікті тілшісі болған 15 жылдай мерзімде мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, түйінді мәселелерінің оң шешілуіне қосқан үлесі айрықша. Зейнеткерлік демалысқа бас басылымнан шыққан ардагер-қаламгерге «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілді.
Кәсіби мереке қарсаңында «Егеменнің» ардагеріне құрметті атақтың куәлігі мен өңір белгісін Қазақстан журналистер одағы Атырау филиалының төрағасы Қуандық Батыров салтанатты шара барысында табыстады.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.
Атырау облысы.