Технология • 08 Мамыр, 2017

Кремний алқабы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға көмектеседі

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кремний алқабы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Бұл туралы «Сиско» компаниясы мен «Зерде» Ұлттық ақпаратты-коммуникациялық холдингі ынмытақтастық туралы меморандумға қол қойғаннан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Хабар24.

Кремний алқабы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға көмектеседі

Қазақстанда ақылды қалалар мен көліктер, смарт жарықтандыру секілді өзге де жаһандық жобалар қолға алына бастады.

Бұл жұмыстарға Кремний алқабының жоғары технологиялық компаниялары да жұмылдырылып жатыр. Өйткені күнделікті өмірде қолданып жүрген көпьеген өнертабыс идеялар нақ осы жерден бастау алады.

"Біз Силикон алқабында «Санды Қазақстан» бағдарламасын ойластырып жатырмыз. Осы мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіп келеміз. Таңдалған бағыттардың қатарында - ақылды қала, индустриалды интернет, ауыл шаруашылығы мен смарт көлік салаларындағы жобалар бар. Мысалы, біз бүгін өздігінен жүретін көлік туралы талқыладық", - дейді «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» басқармасының төрайымы Әсел Жиенбаева.

Қалалық инфрақұрылымның дамуы, қауіпсіздік пен жайлылық смарт сити деңгейін қалыптастырады. 

"Біз бүгін Сиско компаниясымен жаһандық меморандумға қол қойдық. Басты бағыттардың бірі - смарт сити, яғни ақылды қала мен ақылды көлік жобасы болады. Біз пилоттық жобаны Сиско компаниясымен бірге елордамыз Астанада жүзеге асыратын болдық. Елбасымыздың жолдауы аясында адамзат өмірін әлдеқайда жеңілдететін әлемдік ойыншылармен күш біріктіреміз. Америка Құрама Штаттарында жаңа технологияны енгізу оңайға соқпайды", - дейді «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» басқармасының төрайымы Әсел Жиенбаева.

Ал Қазақстан жаңа ақпараттық технологияларды сынау үшін таптырмас ел.  Қазақстанның кремнийлік әріптестері электронды үкіметті, тау-кен өнеркәсібі мен білім беру жүйесін жетілдіруге мән береді.