25 Маусым, 2011

Миссия басшыларымен кездесті

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жапония, Польша және Германия елдерінің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. «Жапония елшісі Ю.Харадамен, Польша Елшісі Я.Ключковскиймен және ГФР елшісі Р.Шлагетермен кездестім», – деп жазды Кәрім Мәсімов өзі­нің  Twitter-дегі парақшасында. Елі­міздің Пре­мьер-Министрі Кәрім Мә­сі­мов  Жапония елшісі Юдзо Харадамен кездесуі барысында  мың­даған адам­дардың өмірін қиған жер сілкінісіне бай­ла­нысты көңіл айт­ты. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аясында сауда-экономикалық және инвес­ти­ция­лық өзара іс-қимыл мәселе­лері талқыланды.