28 Маусым, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №616

702 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2011 жылғы 1 маусым  Астана, Үкімет үйі Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасы бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы №81 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 38-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 482-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. МӘСІМОВ   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «1» маусымдағы №616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасы 1. Осы Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) мүліктік кешендер ретіндегі республикалық заңды тұлғалар, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері коммуналдық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қолдаухаты негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беріледі; 2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкі коммуналдық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қолдаухаты негізінде: ветеринариялық препараттарды қоспағанда, теңгерімдік құны беру күніне отыз мың және одан көп ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде болған кезде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша; ветеринариялық препараттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болған кезде – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның берілетін мүлік теңгерімінде тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген шешімі бойынша; теңгерімдік құнына карамастан ветеринариялық препараттар мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның ветериринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген шешімі бойынша беріледі; 3) мүліктік кешендер ретіндегі коммуналдық заңды тұлғалар, коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері республикалық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігі қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық меншікке қабылдау туралы қаулысының негізінде беріледі; 4) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі республикалық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен және мүлік теңгеріміне берілетін республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген қаулысының негізінде беріледі. 3. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде қабылдап алу-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік осы Қағиданың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне берілген жағдайда, қабылдап алу-беру актісі (табыстау актісі) Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде ресімделеді. Қабылдап алу-беру актісіне (табыстау актісіне) беретін және қабылдап алатын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды және оны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық меншікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның басшылары бекітеді. Қабылдап алу-беру актісі (табыстау актісі) мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт данада, қабылдап алу-беру актісін (табыстау актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан жасалады.