Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Францияға ресми сапары барысында француздық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Кездесуде экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимылдың болашақ бағыттары талқыланды.
«MEDEF штаб-пәтерінде Францияның ірі компаниялары, экономикалық ұйымдары басшыларының қатысуымен жұмыс бабындағы таңғы ас өтті», – деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов Twitter-дегі парақшасында.
Премьер-Министр осы ресми сапары барысында «Total E&P» компаниясының президенті И.Даррикаррермен, «ALSTOM» басқармасының төрағасы П.Кронмен, «VALLOUREC» басқармасының төрағасы Ф.Крузэмен, «AIR LIQUIDE» вице-президенті Г.Сальцгебермен, «DANONE» бас директоры Ф.Кегельспен, «THALES» компаниясының президенті Б.Жаэжэрмен, «GDF-SUEZ/ SUEZ-ENVIRONMENT» дипломатиялық кеңесшісі Д.Симонномен, «EADS-EUROCOPTER» президенті Л.Бертлингпен, «AREVA» басқармасының төрайымы А.Ловержонмен, «SAGEM DEFENSE SECURITE» бас директоры Ф.Маззантимен кездесті.