28 Маусым, 2011

Германия мен Латвия дипломаттарын қабылдады

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Райнер Шлагетерді оның біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Р.Шлагетерге Қазақстан-Гер­мания ынтымақтастығын дамы­ту­ға қосқан үлесі үшін алғыс айта келіп, Қ.Мәми неміс дипло­ма­тының алдағы қызметі табысты болуына тілектестігін білдірді. Екіжақты қатынастардың даму қарқынын атап өткен Төраға 2010 жылғы шілдедегі Федералды канцлер А.Меркельдің Қазақстанға ресми сапарының нәтижелерін жоғары бағалады. Қ.Мәмидің айтуынша, Қа­зақ­станның Германиядағы және Гер­манияның Қазақстандағы жыл­да­ры табысты өтті, бұл шаралар екі елді жақындастыруға жәрдемдес­ті. Парламентаралық ынтымақ­тас­тық саяси үнқатысудың ма­ңыз­ды құрамы екенін айтқан Қ.Мәми Сенатта Федералды парламентпен ынтымақтастық тобы жұмыс істейтінін, ал ГФР Бун­дестагында «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобы бар екенін атап өтті. Екі ел парламенттері арасындағы байланыс­тар­ды кеңейтуде Бундестаг Президенті Н.Ламмерттің былтыр күзде Қазақстанға келген ресми сапары ерекше маңызды болғаны аталды. Р.Шлагетер елші ретіндегі қыз­метіне жәрдемдескені және қолдау білдіргені үшін Қазақстан басшылығына алғыс айтып, Қа­зақстан – Германия ынты­мақ­тас­тығын, оның ішінде парламент­ара­лық деңгейдегі байланыс­тар­ды одан әрі нығайтуды жақтай­ты­нын білдірді. *** Кеше сондай-ақ Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Латвия Республи­ка­сы­ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Юрис Мак­ла­ковсты оның өтініші бойынша қабылдады. Төраға Ю.Маклаковсты оның елші болып тағайындалуына бай­ла­нысты құттықтады және бұл лауа­зым­да Қазақстан мен Латвия ын­тымақтастығын одан әрі дамы­туға жәрдемдесетініне сенім білдірді. Латвия Қазақстанның Еу­ро­падағы саяси және эконо­ми­ка­лық маңызды әріптесі болып та­былады, деді Төраға. Екі мемлекетті ортақ мақсат пен ниет біріктіріп отыр. Біздің елдеріміз ара­сын­дағы сындарлы саяси үнқа­тысу жоғары деңгейдегі жүйелі байланыстарға негізделген. Мемлекетаралық өзара іс-қи­мыл­дың барлық бағыттары бой­ынша Қазақстанмен екіжақты қа­тынастарды дамытуға Латвияның мүдделі екенін айта келіп, Ю.Маклаковс инвестиция, сауда-эко­номика, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастық­тың келешегі зор екенін атап өтті. Латвия дипломатының пікірінше, парламентаралық байла­ныс­тар жоғары деңгейде қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыруға ықпал етеді.