29 Маусым, 2011

Арбада отырған аққулар

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мүгедек арбасындағы бал биінен өткен чемпионаттан кейін осы тіркес тіл ұшына еріксіз оралған Қостанай қаласында мүге­дек арбасындағы бал биінен өткен республикалық чемпионаттан түй­ген ой – адамның сырт­қы мүмкіндігі шектеулі бол­­­ғанымен, ішкі рухани қуа­ты өнер өрісін шектемейді екен. Арбада отыр­ған жандар сах­на­ға қанаты сы­нық аққудай қал­қып шыққанда, жаздың сал­қын кешіндей әсер берді. Мү­гедек арбасындағы би осы­дан бірнеше жыл бұрын Қос­танай қала­сын­дағы «Үміт-На­дежда» қо­ғам­дық бірлес­ті­гінің мүшесі Ару­на Жақ­сы­ғұлованың баста­ма­сымен Қос­та­най қала­сын­­да өткен бола­тын. Бал биіне қаты­су­шы­лар­дың қатары да арта түсті. – Бал биінен республика чем­пионатын өткізу керек бол­ды. Өйткені, чемпионат өт­песе біз халықаралық жа­рыс­тарға жол аша алмас едік. Бізге «Нұр Отан» халықтық-демо­кра­тия­лық пар­тия­сы қолдау көрсетіп, осы жа­рыстың өтуі үшін 500 мың теңге берді. Енді алдағы уақытта қа­зақстандық бишілер халықара­лық ірі жа­рыс­тарда да бағымыз­ды сы­най­тын бола­мыз, – дейді Аруна Жақсығұлова. Чемпионатқа Қазақстан­ның бес облысынан бишілер қа­тыс­ты. Кәсіптік тоғыз судья бишілер өнерін таразылады. Жарыс қоры­ты­ндысында Аруна Жақсы­ғұлова мен оны қол­дап билеген биші Владислав Сахно бірінші орын­ды жеңіп алды. Екінші орынды да қостанай­лық бишілер иемденді. Олар ар­бадағы Алина Лам­пар­тер мен оны қол­дап билеген Мейрам Мыр­за­ғалиев болды. Үшін­ші орын­ды астана­лық Әбуов Құман мен Жанна Қайырова алды. Чемпионатта Республика­лық мүгедектер конфеде­ра­циясы «Көрермендер көзайы­мы» арнайы жүлдесін Тараз қаласынан келген мүгедек ар­басында отырған анасы Зүл­фия мен оны қолдап билеген қызы Руфияға тапсырды. Ал чемпионат алаңының иесі қос­танайлық «Үміт-Надеж­да» қо­ғамдық бірлестігінің ку­богын Жал­ғасбаев Нұрлан мен Ақ­бер­генова Асылай же­ңіп алды. Чемпионатқа қатысушы­лар­дың барлығы да ақшалай және бағалы сыйлықтармен ма­рапат­талды. Енді жеңім­паз­дар демеуші табылса, ха­лық­аралық жарыс­тар­дан көрінетін болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.