29 Маусым, 2011

Сақшылар көлік мінді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батысқазақстандық полицейлер жаңа көліктерге ие болды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев облыстық ішкі істер департаментінде болып, су жаңа 26 жеңіл автокөлік, 2 автобус, 1 трактордың кілтін табыс етті. Облыс бюджетінен қаржыландырылып, құны 120 миллион теңгеге сатып алынған бұл техникалар облыстық жол полициясы басқармасына, Орал қалалық ішкі істер басқармасына, Бөрлі және Зеленов аудандық ішкі істер бөлімдеріне бөлінді. – Учаскелік полиция инспекторы – ішкі істер органдарының алдыңғы шептегі жасағы. Сол себепті олардың жұмыстары қызмет ат­қа­ратын аумақта үнемі болуды талап етеді. Облыс орталығы ма­ңын­дағы елді мекендердің тез дамуына байланысты Үкіметтің «Қоғамдық тәртіпті нығайту және ішкі істер мекемелері учаскелік полиция инс­пекторларының рөлін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Орал қаласы әкімдігі тарапынан тұрғындарға қыз­мет көрсету үшін учаскелік полиция пункттерін көбейту туралы шешім қабылданды. Бүгін, міне, Деркөлде полиция бекеті ашылды, – деді Нұрлан Ноғаев. Өз кезегінде сөз алған БҚО ІІД бастығы полиция ге­не­рал-майоры Арман Жалмұханбетов, сақшыларға жасаған осындай кө­мегі үшін облыс, қала әкіміне алғысын жеткізді. Фатихолла МАШТАҚОВ, полиция полковнигі. Батыс Қазақстан облысы.