29 Маусым, 2011

Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Күн тәртібіне сәйкес депу­таттардың талқысына  «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұ­қымды мал шаруашылығы мә­се­лелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» заң жобасы екінші оқы­лым­да ұсынылады. Бұл жоба­ның екінші оқылымға дайын­далуы туралы Мәжілістің Аг­рарлық мәселелер комитетінің мүшесі Петр Дмитриенко баяндама жасайды деп күтілуде. Ал Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Аманғос Өтегенов пен Қаржы және бюджет коми­те­тінің мүшесі Бауыржан Смаилов тиісінше тұрғын үй қаты­настары және исламдық қар­жы­ландыруды ұйымдастыру мә­селелерін қарастыратын заң жо­басына Сенат енгізген өзге­рістер жөнінде баяндап береді. Палата депутаттары «2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақ­стан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасы­ның Үкіметі арасындағы Қа­зақ­стан-өзбек мемлекеттік ше­карасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқыға салады. Атал­ған құжаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Төр­аға­сының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Нұр­жан Мырзалиев баяндама жа­сай­тыны көзделген. Халықара­лық істер, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің мүшесі Уәлихан Қоңырбаев қосымша түсінік береді. Жалпы отырыстың күн тәртібіне басқа да мәселелер енгізілген.