29 Маусым, 2011

Журналистерге арналған Президент марапаттары

424 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Қазақстан Рес­публикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен грант­тарын тапсырды. Марапаттау рәсімін журналистерді төл мерекелерімен құт­тық­таудан бас­таған Мемлекеттік хатшы одан әрі Ел­басы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың басшы­лы­ғы­мен Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жылда ғасырларға бергісіз үл­кен же­ңістерге жеткенін атап өтті. Татулық пен тұрақтылық­тың тал бесігіне айна­лып, төрт­күл дүние түгел мойындаған еліміз беделді халықаралық ұйым­дарға төрағалық етуге де қол жеткізді. Есіл­дің бойына әсем астана салып, оны ғаламдық ауқым­дағы шешімдер қабыл­да­на­тын маңызды орталыққа ай­нал­дыр­дық. Бұрынғы Кеңес ел­дерінің ішінде алғашқы болып еуропалық ұйымның алқалы сам­митін өт­кіздік. Астана мен Ал­маты қала­ларында қысқы Азиа­да ой­ын­дарын қабылдап, жарқын жеңіске жеттік. Күні кеше Шанхай Ын­тымақ­тастық Ұйымының мерей­тойлы басқо­суын жоғары дең­гей­де өткізе алдық. Бүгін ИКҰ-ға төраға болып сайландық. Осы­ның бәрінде Елбасының сали­қалы саясатымен қатар бүкіл отандастары­мыз­дың, соның ішін­де сіздердің де ең­бектеріңіз зор, деді ол марапаттау рәсі­міне жи­налған журналистерге. Одан әрі Қанат Бекмырзаұлы журналистерге Ел­басының сыйлықтары мен гранттарын жыл сайын тап­сыру игі дәстүрге айнал­ғанын, биыл ол 15-ші рет беріліп отыр­ға­нын атап өтті. Алайда биылғы жиы­ны­мыз­дың жөні жылдағы­дан бөлек, жолы ерекше. Өйт­кені, бүгінгі тап­сы­ры­латын сый­лықтар мен гранттар тәу­елсізді­гіміздің 20 жылдығы қарсаңында табыс етілгелі отыр. Сіздер ел сенімін абы­роймен ақтап, мем­лекетіміздің тәу­ел­сіз­дігін нығай­туы­на, өсіп-өркен­деуі­не өлшеу­сіз үлес қосып келесіздер, деді ол. Одан әрі Қ.Саудабаев бүгінгі күні Қазақстанда БАҚ еркіндігі мен бос­тандығына толық қол жеткені туралы айтты. Оған газет-журналдармен қатар теле-радио арналардың жыл санап кө­бейіп келе жатқаны айғақ бола алады. Соның ішінде биыл мемлекеттік тілде хабар тарататын «Мәдениет» арнасы, ал келесі жылы «Білім» арнасы іске қо­сылатын болады. Бұл саланың да­муын Мемлекет басшысының өзі ерекше қа­дағалап отыр. Бү­гін­гі шара да соның айқын айға­ғы деп білген жөн, деді Мемлекеттік хатшы. Одан әрі Президенттің марапаттау туралы Өкімі оқылып, Қанат Саудабаев сыйлықтар мен гранттарды аталған адам­дарға тап­сырды. Пре­зи­дент­тің би­ылғы сыйлықтары «Панорама» газеті бас редакторының орын­ба­сары Асқар Әукеновке, Қазақ­стан журналис­ти­касы акаде­мия­сының президенті Са­ғымбай Қо­зыбаевқа, «Аргументы и факты Казахстан» газетінің бас ре­дакторы Сергей Кузовниковқа, ресейлік саясатта­нушы және публицист Юрий Со­ло­зо­бовқа және «Шалқар» радиосы бас ре­дак­торының орынбасары Болатбек Тө­леп­бергенге тапсырылды. Елбасы гранттары Ұлттық бас­пасөз клубының вице-президенті Марк Айсбергке, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушы­лары Әлисұлтан Құланбай мен Жақсыбай Самратқа, «Хабар» агент­ті­гінің Алматы облысы бой­ынша меншікті тілшісі Тілеу­қа­был Мыңжасарға, «Казахстанская правда» газеті саясат бөлі­мінің редакторы Максим Шиманскийге, «Арқа ажары» газетінің шығар­машылық ұжымына, «Заң газеті» мен «Юридическая газета» газеттерінің шы­ғармашылық ұжымдарына табыс етілді. Марапаттау рәсімінде Прези­денттің Алғысы да жарияланып, арнаулы құр­мет хаттары табыс етілді. Оны «Ал­ма­ты ақшамы» газетінің денсаулық және әлеу­меттік сала бөлімінің меңгеру­шісі Нұр­жа­мал Байсақалова, «Алаш айна­сы» га­зетінің бас редакторы Серікбек Жанболат, «Айқын» газетінің тілшісі Гүл­бар­шын Сабаева, «Достық-Друж­ба» журна­лының бас редакторы Зейнекүл Сейсенова, «Егемен Қазақстан» газеті­нің Шығыс Қа­зақстан облысындағы Семей өңі­рі бойынша тілшісі Дәулет­қазы Сей­сенұлы, «Қазақстан» телеар­на­сындағы «Қазақтың 100 әні» телеви­зиялық бағ­дар­ламасының және «Караван» газетінің  шы­ғар­машылық ұжым­дары алды. Марапаттау рәсімі аяқталған соң Мем­ле­кеттік хатшы Қ.Саудабаев наг­рад­талғандардың бәрін құттықтап, олар­мен ескерткіш су­ретке түсті. Біз де биыл Президент мара­патын алған үш бірдей әріптесі­міз Ә.Құлан­бай, Ж.Самрат және Д.Сейсенұлын құт­тықтап, оларға шығармашылық жаңа табыстар тілейміз. Берік САДЫР.