29 Маусым, 2011

Кездесулер өткізді

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясының жұмысы шеңберінде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бруней Даруссаламға ағымдағы жылғы сапарын ұйымдастыру сұрақтары осы елдің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Мохаммад Балкиахпен кездесу барысында талқыланды. Бахрейн сыртқы істер министрі Халед Аль Халифпен кездесу барысында екі елдің сыртқы саяси ведомствосы арасындағы өзара ынтымақтастық жай­ын­да Меморандумға қол қойылды. Аймақтық қауіпсіздік пен Қазақ­стан­ның қатысуымен Ауғанстанды эко­номикалық қайта оңалту мәселесі осы елдің сыртқы істер министрі Залман Ра­сулмен болған кездесуде қарас­ты­рыл­ды. Индонезия сыртқы істер министрі Марти Налегавамен кездесу аясында ын­тымақтастықтың аймақаралық аспек­тілері қозғалды. Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяровпен кездесуде ын­ты­мақтастықтың ағымдағы мәселелері қарастырылды. Австралия сыртқы істер министрі Кевин Раддпен кездесу барысында ай­мақтық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері және сауда-экономикалық ынтымақтастықты ке­ңей­ту сұрақтары қарастырылды. Авс­тра­лиялық министр Алматы қаласында өз елінің сауда өкілдігін ашу жөнінде жоспарлап отырғанын жеткізді. Сол күні Қазақстан сыртқы саяси ведомствоның басшысы Орталық Азия елдері жөнінде ИКҰ іс-қимыл Жоспа­ры бойынша жоғары деңгейдегі кездесуге қатысты.