Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Президент ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін, сондай-ақ ИКҰ СІМК 38-ші сессиясының күн тәртібін талқылады.
– Біз Президент мырзамен Ислам Конференциясы Ұйымының болашақ қызметін талқыладық. Биылғы жылы Қазақстан Ұйымның төрағасы болды. Біз жемісті өзара іс-қимылға сенім артамыз. Осы тарихи кездесуге дайындықтың жоғары деңгейі біздің қаншалықты табысты ынтымақтастықта екенімізді көрсетті. Енді бізде жаңа идеялар, жаңа жобалар, тіпті жаңа эмблема пайда болды. Біз қазір ИКҰ жанынан адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрылуы үшін жұмыс істеудеміз және бұл Астанадағы кездесудің тағы бір негізгі жетістігінің бірі болмақ, – деді Э.Ихсаноғлы.
* * *
Мемлекет басшысы Халықаралық әлем институтының президенті Терье Ред-Ларсенмен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ИКҰ СІМК 38-ші сессиясының күн тәртібі талқыланды.
– Жоғары Мәртебелімен кездесуіміз кезінде мен Президентке жақында ғана өзімнің Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Ю-мен кездескенімді айттым. Сингапур – бұл нағыз ғаламат ел. Және Ли Куан Ю, осы елдің лидері – сингапурлық кереметтің негізін қалаушы. Мен Мемлекет басшысына, Қазақстан соңғы 20 жыл ішінде дамудың таңғаларлық қарқынын көрсеткен ғажап ел болып табылатынын айттым. Қазақстан лидері – қазақстандық кереметтің құрушысы. Астананың көшелерімен жүріп өтіп, соңғы 20 жыл ішінде пайда болған таңданарлықтай әрі адам нанғысыз өзгерістерді өз көзіңмен көруге болады, – деп атап өтті Т.Ред-Ларсен.
* * *
Мемлекет басшысы Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Әбдел-Әзиз Бен Осман Әл-Туейджриді қабылдады.
Ә.Әл-Туейджри Мемлекет басшысына осы ұйымның жоғары наградасы – «LSESCO Shield» алтын белгісін ислам ынтымақтастығын нығайтуға, ислам әлемін дамытуға және жаһандық деңгейде гуманитарлық құндылықтарды алға жылжытуға қосқан аса үздік үлесі үшін тапсырды.