Кеше Парламент Сенатында жоғары палата Төрағасы Қайрат Мәми мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері 38-кеңесінің жұмысына қатысу үшін Астанаға келген Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоғлының кездесуі болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Қ.Мәми өзара парламентаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған кезден бастап өзара іс-қимыл толық түсіністік пен сенім негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
«Біз ЕКПА-ны маңызды саяси әріптес қарастырамыз және бұдан былай сындарлы ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», деді Төраға.
Қ.Мәми сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы саяси үнқатысуды одан әрі нығайтуда парламентаралық байланыстардың маңыздылығын атап өтті.
М.Чавушоғлы Қазақстанның Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етуімен құттықтады және «Президент Н.Назарбаевтың еуропалық және азиялық ықпалдастық туралы бастамалары ИЫҰ аясында табысты ілгерілейтін болады», деп сенім білдірді.