30 Маусым, 2011

Төрағалық табысты жалғасады

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассам­блея­сының (ЕКПА) төр­аға­сы Мевлют Чаву­ш­оғлымен кездесті, деп ха­барлады Қа­зақстан Респуб­ликасы Пре­зи­дентінің бас­пасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕКПА-ның жай-күйі мен ынтымақтастығының келешегін талқылады. – Біз Қазақстанмен өте жақ­сы ынтымақтастықтамыз. Бірнеше жыл бұрын біздің ара­мызда ын­ты­мақтастық туралы шартқа қол қойылған. Қазақ­стан Парламенті біздің сес­сия­мызға қатысып тұ­ра­ды. Біз бірлескен ірі іс-ша­раларға қаты­са­мыз. Біз жемісті қатынастары­мызды қалыптас­ты­руы­мыз керек. Осыған байла­нысты біз Қазақстанға Еуропа Кеңесінің демократия жөніндегі серік­тесінің жаңа мәртебесін қа­былдау мүмкіндігін қарауды ұсын­дық. Біз мұндай жаңа мәр­тебені тек қана анықталған өл­шемдер мен талаптарға сәйкес ке­летін елдерге ұсынамыз. Қазақ­стан өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде әлеуметтік-эконо­микалық және саяси дамуында айтар­лық­тай табыстарға жеткен ел ретінде аталған мәртебеге сәйкес келетініне сенемін. Келешекте Қазақ­стан Парламенті аталған мәсе­ле­ні жан-жақты қарап, ол жөнінде оң шешім қа­былдайды деп сенім артамын, – деп атап өтті М.Чавушоғлы. Кездесу барысында сондай-ақ Астанада өтіп жатқан ИЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесі сес­сия­сының мәсе­лелері талқы­ланды. – Мен осымен Қазақстанға үшінші рет келіп тұрмын. Бұл жолы мен Ислам Ынты­мақ­тастық Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлері ке­ңе­сінің оты­ры­сына қатысуда­мын. Бұған дейін де Қазақстан ЕҚЫҰ-ға та­быс­ты төрағалық етті. ИЫҰ-ға төр­аға­лығы да сондай табыспен өтетініне сенемін. Мемлекет бас­шы­сының сессияны ашардағы әсер­лі сөзін атап өткім келеді. Мем­лекет бас­шысы Ұйымның проб­лемаларына қатысты өзіндік көзқарасын білдірді. Онда орын алып отырған проб­лемаларды ше­шу, сондай-ақ ИЫҰ-ға мүше елдерді біріктіру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Қа­зақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы өте та­бысты өтті. Мемлекет бас­шы­сы көтерген Еуразиялық интеграция жө­ніндегі бастама өте қа­жетті және табысты болды. Қа­зақ­стан күллі әлемге дінаралық және эт­нос­аралық толерантты­лық­тың үл­гі­сін көрсетті. Бұл үлгі бүгінде ұлт­шылдық пен экс­тре­мистік ма­ғынадағы көріністердің өсуі байқалып отырған Еуропа үшін өте маңызды, – деді М.Ча­вушоғлы журналистерге арнал­ған брифинг кезінде. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.