01 Шілде, 2011

Тұрғындарға тиімді бағдарлама

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Көпқабатты тұрғын үй­лерді жаңартуға (модернизациялау) қатысты мемлекеттік бағ­дарлама Семейде өз нә­тижесін бере бастады. Байып­тап қара­ғанға бұл бас­тама бірінші кезекте көпқа­батты тұрғын үй иелеріне тиімді. Төтелей айт­қанда өз­дері тұрып, игілігін кө­ріп жатқан үйлерін несие ар­қы­лы заманға сай күрделі жөн­деуден өткізіп алуына әбден болады. Сол үшінде барлық мә­се­лелер Үкімет тарапы­нан тиі­сінше сарапталып, тұр­ғын­дардың төлем жағ­дай­ларына қарай оңтайлан­ды­рылған. Семейде осы бағдарла­ма­ның әуелгі жобасына жос­пар­ланған 20 көпқабат­ты үйдің ал­­ғашқысына жөн­деу жұмыс­та­ры жүргізіліп те кетті. Әуезов даңғылы 27-ші үй тұр­ғын­дары мен құрылысшы мердігерлер ара­сында келісім-шарт жаса­лып, жалпы жұмыс­тың сме­талық-жобасы да анық­тал­ған. Мәселен, дәл осы ғи­мараттағы тиесілі тұрғын ала­ңы ең үлкен пәтер иесі несиені айына 3800 теңге­ден төлеп тұр­мақ. Осын­дай жолмен тұ­ғын­дар өз үлес­теріндегі жалпы несиені 7 жыл­да қайтарып бітпек. Со­нымен бірге бұл бағдар­лама аясында жөндеу жұмысы жүр­гізілетін үйлерде әлеу­мет­тік тұрғыдан төлем қа­білеті жет­кіліксіз отба­сылар болса, олрға да Үкімет тара­пынан же­ңіл­діктер қарас­ты­рылатын көрінеді. Бұл бағдарламаның тұр­ғындарға тиімді деп есептелетіндігі – олар қалтала­рынан еш қосымша қаржы шығармастан тұрып жатқан үйлерін жаңар­тып алмақ. Жаңа сипатта жөн­деуден өт­кен үйлер көзтартар әдемі болуымен бірге, сол ғи­ма­­рат­тағы пәтерлер құны да қым­баттай түсетіні анық. Бұл жағынан да тұрғындар ұтпаса ұтылмайды. Бірақ, осындай қолайлы бағдарла­маның берері мол екенін бір­ден түсініп кете алмай жат­қан тұрғындар да аз емес. Сол себепті де жергілікті әкімдік қызметкерлері тұрғын үйлерді жөндеп алу­дың оңтай­лы кезеңін дұрыс пайдалана білу қажеттігі жайлы насихат жұмыстарын жалғастыруда. Қайрат ЗЕКЕНҰЛЫ,  Семей.