Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
«Біз қазірдің өзінде “Жетіген-Қорғас” және “Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара” темір жол желілерін салып жатырмыз, олар іс жүзінде біздің өнімдерге Қытай мен Парсы шығанағы елдерінің рыноктарына жол ашады». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол магистралі – «Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган» халықаралық жобасының бір бөлшегі. Еуразия мен Иран теңіз айлақтарын барынша жақындастыратын Солтүстік-Оңтүстік стратегиялық трансұлттық дәлізінің маңызды телімін ашу 2011 жылдың қазан айына жоспарланып отыр. «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» жобасы Қазақстан экономикасын серпінді дамыту аясындағы көлік және оның инфрақұрылымын жаңғырту саласындағы аса ірі жобалардың бірінен саналады. Президенттің тапсырмасымен үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасында көрсетілген Жетіген-Қорғас телімімен қатар аталатын ауқымды құрылыс. Бұл бағдар Иран, Армения, Грузия арасындағы тауар алмасуды жеделдетіп, Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы сауда қатынасына тың серпін береді. Аймақтағы халықаралық тауар айналымы жүйесінде Қазақстанның темір жол арқылы Таяу Шығысқа шыға алатын қысқа бағдары ашылады. Бұл аса ауқымды халықтық құрылысты атқаруды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға жүктеді. Теміржолдың қазақстандық 146 шақырымдық бөлігінде 68 жасанды имарат, 7 станса мен жол айырықтары, төрт көпір салынады. Құрылыс жұмыстарына еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық маман тартылған. Қазақстан Президентінің тапсырмасына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол теліміндегі тапсырыстардың 80 пайызын отандық өндіріс орындарына орналастырды. Бүгінгі таңда рельс торкөздерін төсеу мен суағарлар және көпірлер секілді жасанды имараттардың құрылысы толығымен аяқталды. Телімнің барлық желілеріне бағандар орнатылып, электр қуаты беріле бастады. Құрылысшылар стансалар мен жол айырықтарын абаттандыру жұмыстарын да кестеге сай жүргізуде. Өзен стансасы барынша кеңейтіліп, жаңғыртылуда. Мұнда 100 жолаушыға арналған жайлы вокзал бой көтеріп, инфрақұрылымы сәйкестендірілуде. Әлеуметтік мақсаттағы әрқайсысы 320 орындық екі балабақша, монша, басқа да нысандар тұрғызылады. Жаңадан салынған Болашақ стансасында 25 жолаушыға арналған вокзалмен бірге қызметтік-техникалық ғимараттар бой көтереді. 80 оқушыға арналған мектеп, 50 орындық балабақша, желілік амбулатория, өнеркәсіптік және азық-түлік дүкендері, асхана, наубайхана ашу көзделген. Темір жол желісінің құрылысы барысын тұрақты бақылау жөнінде штаб құрылған. Жаңа темір жол магистралы еліміздің бәсекелестікке сай әлеуетін өсіріп, Қазақстан Республикасын жаңа халықаралық көлік дәлізіне бастайды. Ескендір ЕРТАЙ. Суреттерді түсірген Юрий БЕККЕР. Басты жол төселді, келесі кезекте кіреберіс жолдар Құс қанаты талатын биіктен қарағандағы магистраль Жол бойындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар Қазақстанның Түркіменстанмен түйісетін теліміне таяқ тастам жер қалып тұр Бопай стансасы транзиттік пойыздар өтетін ірі бекетке айналады Депо, вокзал, диспетчерлік орталықтардың инфрақұрылымы дамытылуда Жобаға керекті құрылыс материалдары жаңа жолмен жеткізілуде «Өзен –Түркіменстан мемлекеттік шекара» желісімен Маңғыстаудың маң даласына жан кірдіЖазадан қашқан 15 қылмыскер шетелде ұсталды
Заң • Кеше
Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Желіде біреуге жала жапқан әйел айыппұл арқалады
Қоғам • Кеше
Табиғат • Кеше
Қостанайда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
Аймақтар • Кеше
ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары 7 жылға сотталды
Жемқорлық • 11 Қаңтар, 2025
Балағаттаған: Атырауда мұғалім өзіне қол жұмсамақ болған
Білім • 11 Қаңтар, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алғашқы сапарларының бірінен фото жарияланды
Президент • 11 Қаңтар, 2025
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды
Заң • 11 Қаңтар, 2025
«Қазақстан» спорт кешенінің құрылысы Мәжіліс депутаттарының назарында
Құрылыс • 11 Қаңтар, 2025
Президент Мекемтас Мырзахметұлының жақындарына көңіл айтты
Президент • 11 Қаңтар, 2025
Ержан Максим әлемдік ән байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Өнер • 11 Қаңтар, 2025
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Жемқорлық • 11 Қаңтар, 2025
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Тұлға • 11 Қаңтар, 2025
Қоғам • 11 Қаңтар, 2025
Судың иесі де, киесі де болуы керек
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025
Талбесік • 11 Қаңтар, 2025
Дінмұхаммед – тұңғыш әлем чемпионы
Спорт • 11 Қаңтар, 2025
Іріктеу турнирінің жеребесі тартылды
Футбол • 11 Қаңтар, 2025
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025
Қоғам • 11 Қаңтар, 2025
Өнер • 11 Қаңтар, 2025
Театр • 11 Қаңтар, 2025
Тұлға • 11 Қаңтар, 2025
Әскер беделі сарбаздар сапынан көрінеді
Әскер • 11 Қаңтар, 2025
Заң мен тәртіптің алдыңғы шебіндегі Ұлттық ұлан
Сұхбат • 11 Қаңтар, 2025
Білім • 11 Қаңтар, 2025
Бәсекелестікті күшейтетін бастама
Шымкент • 11 Қаңтар, 2025
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025
Құқық • 11 Қаңтар, 2025
«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ
Алматы • 11 Қаңтар, 2025
Банктерге қойылатын талап қалай өзгермек?
Банк • 11 Қаңтар, 2025
Тариф түзілімінің жаңа қағидасы
Сараптама • 11 Қаңтар, 2025
Еңбек • 11 Қаңтар, 2025
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
Саясат • 11 Қаңтар, 2025