01 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №740

311 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 30 маусым  Астана, Үкімет үйі Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді және газойлдарды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бір­ың­ғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қа­тысты бірыңғай кедендік аумақта тау­арлардың сыртқы саудасын қозғайтын ша­­ра­ларды енгізу және қолдану тәртібі ту­ралы келісімнің 8-б­абына сәйкес мұнай өнім­де­рі­нің ішкі на­ры­ғында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақ­са­тында Қа­зақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Арнайы бензиндерден (КО СЭҚ ТН коды 2710 11 210 0 – 2710 11 250 0) және тұр­мыс­тық пеш отынынан басқа жеңіл дистил­ляттарды және өнімдерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 11), керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0 – 2710 19 250 0) және газойлдарды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 410 0 – 2710 19 490 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы ми­нис­тр­лігінің Кедендік бақылау комитеті заң­нама­да белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуы бойынша бақылау­ды қамтамасыз етсін. 3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компа­ниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойын­ша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдансын. 4. Қазақстан Республикасы Экономика­лық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының 1-тармағында көрсетіл­ген тыйым салудың енгізілгендігі туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сон­дай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшы­лығын хабардар етсін; 2) Кеден одағы комиссиясының қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ша­ра­ларды Кеден одағына қатысушы басқа мем­ле­кеттердің қолдануы туралы ұсыныстар енгізсін. 5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қа­был­­дайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жө­нін­дегі шаралар туралы Еуразиялық эко­но­ми­калық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін. 6. Осы қаулы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жария­лануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025