01 Шілде, 2011

Алыстағы ағайындарға рухани сәлемдеме

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астанада өткен Дүниежүзі қазақ­тары­ның бесінші құрыл­тайында Елбасымыз, «Нұр Отан» халықтық-де­мо­кратиялық пар­тия­­сының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өтіп жат­қан мұндай ауқымды шараға отандастары­мыз тек той тойлау үшін емес, кеңінен ой толғау мақ­сатымен бас қосып отыр­ғанын айта келіп, тиісті сала қызмет­кер­леріне сыртта жүрген ағайын­дарды рухани қолдау жөнінде тапсырма берген болатын. Соған орай, «Нұр Отан» партиясы Елбасы партиясы ретінде бір игілікті шаруаны бастап кетті. Яғни, сәр­сен­бінің сәтінде қасиетті Семей шаһа­рын­да қазақ диаспоралары тұрып жатқан шет аймақтарға рухани көмек көрсету мақсатымен игілікті бір акция өткізілді. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген ал­ғашқы шара үстінде нұр­отан­дықтар Таулы Алтай мен Моң­ғо­лия­дағы отандастарымызға елі­міздің егемендікке қол жеткізгеннен бергі жетістіктерін баяндайтын  мыңдаған кітап, Ұлт көшбасшысының еңбек­тері, халқымыздың ән-күйлері, қазақ­стандық режис­серлердің көркем және деректі фильмдері жазылған үн­таспа жинақтары мен фотоаль­бом­дарын мерекелік сый ретінде жө­нелтті. Аталған шараға арнайы келіп қа­тыс­қан «Нұр Отан» партиясы Төраға­сы­ның бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­матулин Ертіс өзені жағасында өткен митингіде «Партия Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев айтқандай, Қазақстан  әлемдегі барша қазақтың құтты ша­ңы­ра­ғы, сондықтан сыртта жүрген ағай­ын­дар әлемнің қай түкпірінде жүрсе де қазақ халқының бір бөлшегі екенін еш ұмытпауы керек дей келіп, бүгінгі акция – ол шетте жүрген ағайындарға өзінің тарихи атамекені бар екендігін, оларды біздің ұмытпай­тын­ды­ғымыз­дың айқын айғағы деп атап көрсетті. Қазірде нұротандықтар бастамасымен Баян-Өлгейде әмбебап спорт алаңының құрылысы жүріп жатқандығы да соның тағы бір дәлелі. Митингіде сөз алған облыс әкімі Бер­дібек Сапарбаев та сырттан көшіп кел­ген ағайындарға жасалып жатқан қам­қорлыққа тоқталды. Айталық, об­лыс орталығы Өскемен мен Курчатов қа­ласында оралмандарға арналған тұр­ғын үйлер қатарға қосылғаны үлкен қуа­ныш. Митингіде, сондай-ақ Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов, Шә­кәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің проректоры, профессор Арап Еспенбетов, Моңғолиядан келіп, Семей педагогика институ­тында оқып жатқан Дәулет Ерлан сөз сөйледі. Рухани тұрғыдағы жүк тиелген бес көлік осы арадан алыстағы ағайындар қазірде мекендеп жатқан шет аймаққа аттанып кетті. Көш керуенді семейліктер «Атамекен» әнін шырқап тұрып зор салтанатпен шығарып салды. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025