02 Шілде, 2011

Ақ жол, офицер мырзалар!

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Әділет министрлігіне қарасты қылмыстық-атқару жүйесіне мамандар даярлауды жүзеге асы­ратын Орталық Азия аймағын­дағы жеке-дара маманданды­рыл­ған білім беру мекемесі – Қы­л­мыс­тық-атқару жүйесі комите­ті­нің академиясына жүктелетін жауапкершілік жүгі салмақты. Елба­сының халыққа «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жол­дауында құқық қорғау органдары қызметінің беделін одан әрі ны­ғайту бойынша талаптары шең­берінде кәсіби білім беру тапсыр­маларын шешуде академия қа­быр­ғасынан «Құқық қорғау қыз­меті» және «Психология» ма­ман­дықтары бойынша 132 маман дай­ындалып шығарылуда, соның ішінде 8-і үздік диплом иегерлері. Үздік оқып, қоғамдық жұмыс­тарға белсенді қатысып, ғылым­да, спортта, өнерде жеткен жетістіктері үшін академияның «Ал­тын кі­табына» әділет лейтенант­тары Е.Ха­кимов, З.Ерланқызы, Г.Қа­зи­ханова, Р.Калиярова енгізілді. Мерекелік шараға ӘдМ ҚАЖ комитеті төрағасы әділет генерал-майоры С.Құсетов, Қостанай об­лысы әкімдігінің басшылары, об­лыстық құқық қорғау органда­рының басшылары мен оқу ор­ындарының ректорлары, оқу ор­ны­мыздың ардагерлері мен түлек­тердің туған-туыстары қатысты. Түлектерді оқу бітіру салтана­ты­мен құттықтаған С.Құсетов  Қыл­мыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің антына адал, уә­десіне берік болып, беделін көтеріп, еліміздің өнегелі азамат­тары болуларына ақ жол тіледі. Академия бастығы әділет полковнигі Қ.Ұқанов та жиналған қауым мен жас түлектерді  мерекелерімен құттықтап, аталған курстың академияның мақтанышына ай­нал­ғанын айта отырып, осындай тыңдаушыларға 4 жыл бойы беделді де сыйлы көшбасшы болып келген курс бастығы әділет ка­питаны Азамат Көсеубаевқа шексіз алғысын білдіріп, марапат­тады. Мерекелік шараға жиналған қауым да ризалықтарын үздіксіз соғылған қол шапалақтарымен қолдады.  Сонымен қатар, Академия сырттай оқыту факультетінің аға әдіскері әділет подполковнигі Ерлан Өтебеков Қостанай облысы әкімінің мақтау қағазымен ма­рапатталды. «Егемен-ақпарат».