02 Шілде, 2011

Бірлескен отырыс өтті

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30 маусымда Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті. Бірлескен отырыста сот жүйесінің даму бола­шағы, сот шешімдерін қабылдаудың ашықтығы және оған жария қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Аталған мәселелер бойынша Жоғары Соттың ақпараты тыңдалды. Сол күні Қазақстан Республикасы Прези­ден­ті­нің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес­тің отырысы болып өтті, онда «Қазақстан Рес­публи­ка­сының ішкі істер органдары туралы (жаңа редакция)» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» заң жобаларының тұжырым­дама­лары қарасты­рыл­ды. Аталған мәселелер бойынша Ішкі істер және Әділет министрліктерінің ақпа­раттары тыңдалды. Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес пен Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен және Құ­қық­тық саясат жөніндегі кеңес отырыстарының ұсы­нымдары Қазақстан Республикасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.