02 Шілде, 2011

Дәстүрлі дипломатия күні

725 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы «Риксос» қонақ үйінде Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Дипломатия күнін салтанатты түрде атап өтті. Жалпы Дипломатия күнінің аталып өтуін тарихи оқиғалардың бірі деп санауға болады. Себебі, еліміздің сыртқы саясатымен біз­дің қазіргі жағдайымыз бен бола­шағымыз тығыз байланысты. Әсі­ресе, соңғы жылдары Қазақстан халықаралық өмірге батыл арала­сып, оның жұмыстары мен қыз­метіне белсенді атсалысып жүр. Бұл – еліміздің абыройы, халқы­мыздың беделі, егемен мемле­ке­тіміздің басқа дамыған елдермен терезесінің теңелуі деген сөз. Сондықтан да осындай айтулы күнді өз дәрежесінде атап өткен абзал. Осылайша, өз әріптестері мен қызметкерлерін құттықтап, сөз алған Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов сыртқы саясат ведомствосы құрылуының тари­хына үңіле отырып, «Бүгін Қа­зақ­стан Республикасы диплома­тия­лық қызметінің кәсіби мерекесін атап өтудеміз. Қазақстанның Сырт­қы істер министрлігін құру ту­ралы Жарлыққа Елбасы 1992 жылғы 2 шілдеде қол қойды. Осы кезеңде еліміздің тәуелсіздігін баянды ету үшін сыртқы саясат саласында көп жұмыстар атқа­рылды. Халықаралық қоғамдас­тықта ұлттық мүддемізді қорғап, әлемдік аренада беделімізді ны­ғай­ту жолында жұмыстанған қа­зақ­стандық дипломаттардың қа­жыр­лы еңбектерін ерекше атап өтеміз. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барша қазақ­стан­дық дипломаттарды, ардагерлерімізді және келген қонақтары­мыз­ды кәсіби төл мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын», – дей отырып, елімізге тыныштық, жерімізге береке, отбасыларымызға бақыт және зор денсаулық тіледі. Сонымен қатар, салтанатты мереке барысында еліміздің сырт­қы саясатына үлес қосып, ерекше еңбектерімен көзге түскен бір­қа­тар дипломаттар марапаттау қа­ғаз­дары мен дипломатиялық дәре­желерді иеленді. Атап айтқанда, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Жарлы­ғымен Ұлыбританиядағы елші Қайрат Әбусейітовке және Беларусь Республикасындағы елші Ана­толий Смирновқа Төтенше және өкілетті елші дипло­матия­лық дәрежелері берілді. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің көмекшісі Нұрлан Ер­мекбаевқа, Армениядағы елші Айымдос Бозжігітовке, Түркімен­стандағы елші Асхат Оразбайға және Әзербайжандағы елші Серік Пірімбетовке I сыныпты Тө­тен­ше және өкілетті уәкіл дип­ло­ма­тия­лық дәрежелері берілді. Сонымен бірге, Иорданиядағы елші Болат Сәрсенбаевқа II сы­ныпты Төтенше және өкілетті уә­кіл дипломатиялық дәрежесі бе­рі­ліп, куәліктері ресми түрде табыс етілді. Тағы басқа да түрлі деңгейдегі дипломатия қызметкерлері дипло­матиялық дәрежелер мен марапаттау қағаздарын алды. Нұрбек ЖОЛТАЙҰЛЫ.