02 Шілде, 2011

Арман қала

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сарыарқаның керімсал даласында, Әйгілі Қараөткелдің сағасында. Ертегідей бір қала бой көтерді, Мөп-мөлдір көк Есілдің жағасында,   Нанбайсың ба, өзің біл, нанасың ба, Он үш жыл бопты қайталап санасаң да. Бір көруге талайлар асығулы, Көркіне көрген сәтте қанасың да.   «Бәйтерегім» аспанмен таласады, Ай мен Күндей көркіне жарасады. Құрыш қолды кіл қайсар азаматтар, Астананы тұрғызған қарашы, әні!   Ғарышқа мойнын созған – ғимараттар. Гүлзарлар мен фонтандар, саябақтар, Айналаң ертегі ме, аңыз ба әлде... Кереметке қара да, сырын ұқ, бар.   Ақ Ордам тұр көкорай белес-белде, «Қазағым, алға ұмтыл!», құлаш серме, Дегендей, келбетінен күш аламын, «Шабыттанып, еңбек ет, биікке өрле!».   «Нұр Астана» мешіті, Конгресс-холл, «Транспорт-Тауэр» бар – сәулеті зор. «Хан шатыры», «Абу-Даби...» - кешені... Ару қала минут сайын өседі.   Ұлы Абай, Кенесары монументі, Жалындаған әр жастың жүрек оты. Айбары нұр елімнің Төлебилер, «Өткеніңді ұмытпа, ойлар түй» дер.   Осылай тебіреніп, толғанамын, Тойына жырымды арнап Ақорданың. Астана – аппақ шаһар, аяулы арман, Сұлулық құдіретіңмен көз арбадың.   Астана – ұлт тарихы өшпейтұғын, Серпін берген Елбасы таппай тыным. Астана – Қазақстан жаңаруы, Жасампаздық қуаты – айбын шыңым! Гүлнар НАУЫРША. Ақтау.